Щучинск қаласының тұрғыны аудио және бейне-камераға жазу функциясы бар «тыңшы қаламын» пайдаланған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі инстаграм желісінде жариялады.
Щучинск қаласының 46 жастағы тұрғыны интернет желісіндегі белгілі бір жарнамалық сайтта аудио-бейне құрылғысы бар автоқалам-телефон сатылатыны туралы хабарлама орналастырған. Оны «Hi-Tech» жедел-алдын алу іс-шарасы негізінде Бурабай ауданының полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері интернет желісіне мониторинг жүргізу барысында анықтады.
Ағымдағы жылдың 27-28 қазан аралығында облыс аумағында «Hi-Tech» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жедел-алдын алу іс-шарасының негізгі мақсаты киберқылмыстарды анықтау, жолын кесу және ашу, интернет желісі арқылы бұрын жасалған ұрлықтар мен алаяқтықтарды ашу болып табылады.
Ырысалды ШАМШИЕВА.