Жолаушылар тасымалында өзгерістер бар

Карантиндік шектеулерге байланысты Ақмола облысы аумағында қалааралық және облысішілік автобус және пойыз бағыттарына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Александр Рублевский айтып берді.

Басқарма басшысы орынбасарының сөзінше, карантиндік шектеулерге байланысты облыс аумағында қалааралық және облысішілік қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеулер қойылған болатын. Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 16 нау-
рызынан бастап, халықаралық және облысаралық автобус байланыстары тоқтатылды. Қазіргі кезде бұл бағытта автобус қатынасы әлі жанданған жоқ. Тек, қыркүйектің 1-інен автобус арқылы қалааралық және облысішілік жолаушылар тасымалы 10 бағытта жүзеге асырылады. Яғни, Көкшетау – Державинск, Көкшетау – Ұлан, Көкшетау – Есіл (2 бағыт), Көкшетау – Атбасар, Көкшетау – Степногорск, Көкшетау – Щучинск – Макинск, Көкшетау – Капитоновка, Көкшетау – Тастыөзек, Көкшетау – Еңбек, Көкшетау – Астраханка бағыттарында әлеуметтік қашықтық сақтала отырып, жолаушылардың санына назар аударылады.
– Жолаушылар автобусқа отыратын кезде бірінші кезекте маска болуы тексеріледі. Жүргізуші мен жолаушылар қолдарын жуу үшін санитайзерлер орнатылған. Рейске шығар алдында және аяқталған кезде көліктің іші дизенфекцияланады. Қазіргі кезде облыс ішінде жолаушылар ағыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама азайған, – деді Александр Рублевский.
Сонымен бірге, ол биылғы жылғы қараша айының 5-інен бастап, Көкшетау – Алматы, Көкшетау – Ақтау бағытындағы әуе рейстері, ал, айдың соңында облыста қауіпті індеттің таралуына байланысты енгізілген карантиндік шектеулерге сәйкес Көкшетау және Степногорск бағытындағы автобус қозғалысы тоқтатылғанын атап өтті.
– Азаматтық авиация комитеті желтоқсанның 8-інен бас-тап Көкшетау – Алматы, Көкшетау – Ақтау бағытындағы әуе рейстерін жандандыруды шешкен болатын. Дегенмен, жолаушылардың болмауынан Алматыға алғашқы рейс кейінге қалдырылды. Ендігі уақытта, сұраныс болып жатса ғана жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, Ақмола облысының «қызыл аймақтан» шығуына байланысты санитарлық постар алынып, карантиндік шектеулер жеңілдетілсе Көкшетау және Степногорск бағытындағы автобус қозғалысы қайта жанданады, – деді Александр Рублевский.
Ал, жолаушылар пойызының қозғалысы бұрын бекітілген кестеге сай, яғни, Көкшетау – Қызылорда – Петропавл – Алматы пойызы қарашаның 12-сінен бастап, екі күнде бір жүруде. Мұнда жолаушыларды отырғызып, түсіру 1,2 және 3 класты вокзалдар орналасқан станицияларда ғана жүзеге асырылады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар