Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздердің баршаңызды егемен еліміздің ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін алғанына 29 жыл толды. Бүкіл еліміз үшін бұдан асқан айтулы күн, маңызды мереке жоқ. Өйткені, тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Бұл күні біз ғасырлар бойы осы күнді аңсап өткен және сол үшін күрескен ата-бабаларымыздың рухының алдында басымызды иеміз.
Әлемдегі өркениетті басқа да елдер сияқты, аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, өз алдымызға дербес мемлекет болып отырғанымызға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі өте-мөте зор. Жаңа Қазақстанның қалыптасуында тарихи рөл атқарған, оның мемлекеттік негізін қалап, экономикасы дамыған көпұлтты, ынтымақты елге айналдырған Ұлт Көшбасшысы жас мемлекетіміздің әлемдік аренада танылуына өлшеусіз үлес қосты. Бүгін бұл сара жолды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев лайықты жалғастырып келеді.
Бүгінгі таңда дүниежүзінің 120-дан астам мемлекеті Қазақстанмен екіжақты дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, біздің елмен экономикалық-мәдени байланыстарды нығайта түсуде. Шекарамыздың бекітіліп, жаңа астанамыздың бой көтеруі, ядролық қарудан бас тартуымыз, тағы басқа да тарихи бастамаларымыз әлемдік қауымдастықтан өзінің жоғары бағасын алып, мемлекетімізді уақыт өткен сайын әлемге кеңінен танымал ете түсуде.
Өткен 29 жылда Қазақстанның өсіп-өркендеуімен бірге, біздің Ақмола облысы да үлкен өзгерістерге қол жеткізді. Соның ішінде биылғы жыл ұлы дарындарымыз Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлының мерейтойларымен есте қалды. Келесі жылы да даңқты жерлесіміз Қажымұқан Мұңайтпасовтың мерейтойы күтіп тұр. 2020 жылдың өзінде ғана өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жоғары нәтижелілігімен қуантып, жаңа жылға жақсы серпінмен қадам басқалы отырмыз деп айтуымызға әбден болады. Оған мына цифрлар да айқын көз жеткізе түседі. Тек өткен 11 айда ғана 505 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді. Бұл былтырғы жылдағыдан 15 мың шаршы метр көп. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 570 мың шаршы метрге жеткізіліп, барлығы бес мыңнан астам пәтер пайдалануға берілмекші. Тәуелсіздік жылдары өнеркәсіп өнімдерін өндіру 27 есе өсіп, биыл тарихи 1 триллион теңгенің деңгейіне қол жеткізгелі отырмыз. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қолға алынғаннан бері 326 миллиард теңгенің 92 жобасы іске қосылды. Оның 52-сі аса құнды жобалар. Биыл сондай-ақ, 700 шақырым жол жөндеуден өткізілді. Бұл да өткен жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Осы орайда егін орағын қысқа мерзімде өткізіп, мол өнімге негіз қалаған ауыл еңбеккерлерінің де қажыр-қайраты ауызға алуға тұрарлық.
Міне, биыл біздің облысымыз баршамыздың жүрегімізден ерекше орын алатын Тәуелсіздік күнін осындай толымды жетістіктермен атап өтуде. Осы бір іргелі істер, соның ішінде халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс деңгейін жақсарту жөніндегі ауқымды шаралар алда да жоғары қарқынмен жалғаса беретіндігіне сенім мол.
Баршаңызды еліміздің мерейін асырып, абыройын үстем еткен осы бір қасиетті мерекемен тағы бір мәрте шын жүректен құттықтаймын! Әрқашан дендеріңіз сау, өмірлеріңіз ұзақ, қызық-қуанышқа толы болсын. Тәуелсіздігіміздің әкелген игілігін, жақсылығы мен мәуелі жемісін бәріміз бірге көріп, жаңа жетістіктерімізге қуана беретін болайық!

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді еліміздің басты мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл өз еңбегімен еліміздің қуатын нығайтуға ықпал ететін, біртұтас және күшті Қазақстанға шын жүректен мүдделілігін танытатын біздің көпұлтты мемлекетіміздің әрбір тұрғынының мерекесі. Әрқайсымыз үшін Қазақстан бұл ортақ Отан, жүрекке қымбат орындар, үй ошағы, жақын адамдар. Дәл осы өзгермейтін құндылықтар алдағы уақытта да бізді біріктіретін, біздің Отанымыздың, бірегей тарихы мен мәдени мұрасы, бай табиғи ресурстары мен қуатты адами әлеуеті еліміздің игілігі үшін бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ынталандырады.
Сіздерге бақыт пен өркендеу тілеймін. Отбасыларыңыз бен еңбек ұжымдарыңызда әділеттілік пен өзара түсіністік, патрио-
тизм мен дамуға деген ұмтылыс салтанат құрсын! Барлық мақсаттарға оңай және тек бейбіт жолмен қол жеткізуге мүмкіндік болсын!
Әсен ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
Ақмола облыстық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар