Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елдің тыныштығы керек - АРҚА АЖАРЫ

Елдің тыныштығы керек

Өзім Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде танысқан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласында еліміздің өткені мен бүгіні және болашағы жайлы айтылған.

Адам баласы дүние есігін ашқан соң білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру барысында өз ұлтының патриотына айналады. Өзінің жеке мақсат-мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын сезінген адам бақытты жан. Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз қажет. Мемлекет басшысы осы жайында «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу»,– деп атап көрсетеді. Өз басым еліміздің нығайып, дамуында әрбір қазақстандық аянбай еңбек ететін жас ұрпақ тәрбиелей білуіміз керек деп есептеймін.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы тәуелсіз еліміздің ертеңі – қазақ тілінде екенін назарға алып, «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы, міндеті деп айтуға болады» – дей келе, әрбір азаматтың қазақ тілін меңгеремін деген ниеті болса, ол өз мақсатына жететіндігін алға тартты. Және де қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларын, шетел жазушыларының таңдаулы туындыларын аударып, таратуды тапсырды. Президентіміздің мақаласында айтылған осындай мағыналы ойлар жастарды ғылым-білім, тіл үйренуге шақырып, таным көкжиегін кеңейтіп, көкірек көзін оятуға жетелейді. Біздің мақсатымыз – Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін Мәңгілік Ел құндылықтарын қастерлеп, оны болашаққа аманат ету.
Күлән СЕЙДАХМЕТОВА,
Бұланды аудандық ардагерлер
кеңесінің төрайымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар