Аңғал батыр ауылы жалғастырды

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облысымыздың елді мекендері ауылдары арасында өтіп жатқан «Менің Туым – менің Отаным» челленджі Біржан сал ауданының Аңғал батыр ауылында да жалғасын тапты.

Ат құлағында ойнайтын білекті азаматтар челлендж аясында қасиетті көк байрақты көкке көтеріп, ауылдың ішін аралап өтіп, батыр бабаның жатқан жеріне барып тағзым етті. Қазақтың соңғы ханы Кенесарының жолдасы болған Аңғал батырдың ұрпақтары осылайша патриоттық іс-шараға жан-жақты атсалысты. Ауыл мектебінің оқушылары да арнайы флеш-моб жасап, жалаушаларды желбіретіп, әдемі іс-шараға көрік бере түсті.
Біржан сал ауданының Андықожа батыр ауылынан челлендж шеңберінде алынған киелі Туды ел азаматтары Жанбатыр қажы ауылына тапсырды.
Жастардың бойындағы туған жерге деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты арттырып, патриоттық ерік-жігерді шыңдау мақсатында ұйымдастырылған мұндай іс-шаралардың маңызы зор дейді ауылдың абыз ақсақалдары ақ баталарын беріп.
Ауылдың жырақта жүрген азаматтары мен тұрғындарының басын қосқан челлендж сәтті өтті деген сенімдеміз.
Бибінұр ҚОЛҒАНАТҚЫЗЫ.
Аңғал батыр ауылының тұрғыны.
Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар