Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Толғандырған сауалдарымен келді - АРҚА АЖАРЫ

Толғандырған сауалдарымен келді

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өздерін толғандырған мәселелер мен сауалдарына тиісті шаралар қарастырды.

Көкшетау қаласының тұрғыны Рәшида Қазыбекова Зеренді күре жолының бойындағы саяжайларға баратын автобустардың тек жаз айларында ғана жүріп, қыс мерзімінде тоқтап қалатынын, осыған байланысты саяжай ұстаушылар қиыншылық көріп отырғандығын айтып, мәселені шешуге көмектесуін сұрады. Оның айтуынша, қыс айларында саяжайларының жағдайын біліп отыру қажет. Ал, саяжай жұмысы ақпан айының соңында басталады да, қара күзге дейін созылады. Жасыратыны жоқ, біраз адамдардың саяжайды тұрғын үй есебінде пайдаланып, сонда отбасыларымен тұрып жатқандары да бар. Осы орайда, қалаға қатынайтын автобустардың күз және қыс мезгілдерінде мүлдем тоқтап қалатыны қиындық туғызуда. Саяжайға қатынайды деген 37 және 38 бағыттағы автобустардың аты бар да, заты жоқ. Сонымен бірге, саяжай қауымдастығын электр қуатымен қамтамасыз етуде де түйткілді мәселелер бар. Облыс әкімі саяжайлардың жолын және электр желілерін жөндеуге қажетті қаржы бөлінетіндігін айтып, бұл мәселелердің келешекте шешілетінін атап көрсетті.
Қала тұрғыны Әліби Уайысов Буденный көшесіндегі №113 үйдің жанынан салынып жатқан жоғары техникалық колледжінің жатақханасының құрылысына қатысты тұрғындардың алаңдаушылық білдіріп отырғанын жеткізді. «Сырттан келуші жастарды қажетті жатақханамен қамтамасыз ету бүгінде өзекті әлеуметтік мәселе болып отыр, ертең жұмыс тобы сіздерге барып, тұрғындармен кездесіп, сөйлесетін болады. Ал, аулаларыңызды абаттандыру жұмысын жүргіземіз, балалардың ойын алаңы да болады, – деді облыс әкімі бұл сауал жөнінде.
Белсенді азаматтардың бірі Хасан Ерденов облыс әкіміне Зеренді ауданындағы жекеменшік «Елікті Park» шаңғы базасына баратын жолды бюджет есебінен салу қаншалықты қажетті, басқа да осындай демалыс, сауықтыру нысандары бар ғой, олар неге сырт қалады деген сауалын қойды. Осы арада бейнебайланысқа шыққан Зеренді ауданының әкімі Бауыржан Ғайса Елікті шаңғы базасына баратын жолды қаржыландыру 2025 жылға дейінгі кезеңде Зеренді ауданындағы туризмді дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отырғанын айтты. Сондай-ақ, бұл жол сол маңда орналасқан ат спорты базасына да баратын болады. Шара соңында «КСЖ Freedom Finance Life» АҚ-ының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Оразалина қамсыздандыру жинақтау жүйесінің тұсаукесерін өткізді.
Қалкөз ЖҮСІП,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар