Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біржан елі дамып, көркейіп келеді - АРҚА АЖАРЫ

Біржан елі дамып, көркейіп келеді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Біржан сал ауданында болып, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандардың жай-жапсарымен танысты, жергілікті тұрғындармен кездесіп, өңірде алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы айтып берді.

Алдымен, өңір басшысы Степняк қаласында орналасқан Абай атындағы №2 орта мектепте болды. Бүгінгі күні 280 орындық білім ошағында 230 оқушы қазақ тілінде білім алуда. Мектеп директоры Руслан Әбуовтың айтуынша,1936 жылы салынған мектеп ғимараты шатырын, есік пен терезесін, инженерлік жүйесін ауыс-
тыру, сыртын жөндеу тәрізді күрделі жөндеуді қажетсінеді. 2019 жылы жасалған жобалық-сметалық құжаттама бойынша бұл жұмысқа 251,6 миллион теңге қажет. Облыс әкімі мектептегі оқушылар саны жыл сайын көбейіп келе жатқанын есепке алып, күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарын қолдады. Тиісті басшыларға қажетті құжаттарды тез арада жинауды және нысанды жаңа оқу жылына дейін тапсыруды міндеттеді.
Біржан сал ауданының әкімі Достанбек Есжанов өз сөзінде ауданның өзге оқу орындарын жаңғырту жөнінде айтып, «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы аясында Казгородок орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын үлгі етті. Одан әрі өңір басшысына Аңғал батыр, Аңдықожа батыр, Баймырза мен Еңбекшілдер ауылдарында орнатылатын балалардың спорттық-аулалық алаңдарының жобасын көрсетті. Олардың әрбіреуінің жобалық-сметалық құны 32 миллион теңгені құрап отыр.
–Үлгі және Макинка селоларында құны 10 және 15 миллион теңгенің екі алаңы пайдалануға берілді. Жоспарланған төрт алаңның екеуін ғана саламыз. Бұл мақсатқа 60 миллион теңге бөлінеді. Нысандар қайда салынатынын өздеріңіз шешіңіздер,–деді облыс әкімі тұрғындармен кездесуде. Одан әрі ол Степняк қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 21 пәтерлік тұрғын үйде болды. Жобаның құны 182,8 миллион теңгені құрады. Бүгінгі күні барлық құрылыс жұмысы аяқталып, тұрғын үй жақын арада пайдалануға берілмекші. Пәтерлердің бір бөлігін әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына беру жоспарланған. Ермек Маржықпаев атқарылған жұмыстардың нәтижесіне бағасын беріп, жергілікті атқарушы органдарға қағаз жұмысын ұзаққа созбауды және аудан әкіміне ақпан айының соңына дейін кезекте тұрғандарды көп пәтерлі тұрғын үйге қоныстандыруды тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі осындай көп пәтерлі тұрғын үй салынып жатқан құрылыс алаңында болды. Құрылысшылармен емін-еркін әңгімелесіп, нысанды тапсыру мерзіміне және құрылыс материалдарының бағасына назар аударды.
«Jenis» балалар мен жасөспірімдердің денесін шынықтыратын көп бағыттағы жаңа спорт кешені жергілікті тұрғындардың мақтанышына айналған екен. Өңір басшысы осы нысанның ашылу салтанатында болып, бұл кешеннің іші мен сырты қазіргі заманғы стандарттарға сай екенін, бүгінгі күні Ақмола өңірінде 2,5 мың спорттық нысан жұмыс істейтінін атап өтті.
–Өңірде соңғы жылдары жаңа денешынықтыру сауықтыру кешендері көбеюде. Степняк спорт кешені тәрізді нысандар облыстың алты ауданында салынды. Бүгінгі күні осындай спорт кешендері Ерейментау, Есіл, Целиноград аудандарында салынуда. Мамыр айында Щучинск қаласында орналасатын Спорт сарайының құрылысы басталады. 2023 жылға дейін өңірдің барлық аудандарын осындай спорт кешендерімен қамтамасыз етеміз,–деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.
Облыс бюджетінен бұл нысанның құрылысына 330,2 миллион теңге бөлінген екен. Мұнда валейбол, баскетбол алаңы бар. Кешендегі 6 маман 84 адамға қызмет көрсетеді. Барлық бөлмелер тиісті жиһаздармен және спорттық қондырғылармен жабдықталған. Кешенде күреспен, бокспен, футболмен, жаттығумен, суда жүзумен айналысуға болады.
Өңір басшысы жұмыс сапарының соңында «Alan cheese produktion» серіктестігінің Қызылұйым ауылындағы ірімшік шығаратын кәсіпорнында болып, өнім түрлерімен танысты. Өндіріс директоры Аян Жәкенов жобаның жалпы құны 40 миллион теңгеге бағаланғанын айтты. Органикалық және халал өнім қазақстандық бренд бойынша Нұр-Сұлтан қаласында сатылуда. Ұжымда 28 адам жұмыс істеп, орташа 62 мың теңге еңбекақы алады. Облыс басшысы цехтарды аралап көрді. Жаңа өндіріс және жұмыс орнын ашқан кәсіпорын басшысына алғысын білдіріп, одан әрі дамуына жол ашық екенін атап өтті. Осы орайда, «Гормолзавод» серіктестігінің директоры Әсен Жақсылықов өз әріптесіне жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар