Көкшетауда «КамАЗ» жүк автокөліктерін құрастырып шығаратын «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінен саналады.
Зауытта қорғаныс күштері, төтенше жағдайлар, ауыл шаруашылығы және коммуналдық қызмет салаларына қажетті қазіргі заманғы жүк көліктері, жоғары сапалы жол талғамайтын сүйрегіштер құрастырылып шығарылады. Нарық талабына сай өнім шығару үшін өндірісті ұдайы жетілдіріп, озық технологияны енгізіп отыру қажет. Бұның өзі кәсіпорында еңбек ететін мамандардан кәсіби біліктілікті қажет етеді.
Слесарь-құрастырушы шебері Айдын Медиев үш жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол Көкшетаудың жоғары техника колледжін бітіріп, техник-технолог мамандығын алып шыққан еді. Содан осы кәсіпорынға жұмысқа орналасып, еңбек етіп келеді. Қазір ол Алматы қаласындағы «Казақ автомобиль жол академия-
сында» оқуын сырттай жалғастыруда. Өзін білікті маман ретінде таныта білген Айдын бұл күнде жүктелген міндетті абыроймен атқарып, кәсіпорын өнімдерінің отандық нарықта сұранысқа ие болуына үлесін қосуда.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.
Суретте: слесарь-құрастырушы Айдын Медиев.