Мал тұқымы асылдандырылуда

Кенесары ауылында орналасқан «Беке» шаруа қожалығы Австриядан 40 бас симментал тұқымды ірі қара мал сатып әкеліп, оларды жергілікті ауа райына жерсіндіру жұмысын бастап кетті.

Аналық асыл тұқымды ірі қара малдар «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Степняк» несиелік серіктестігінен алған несие есебінен сатып алынды. Аталмыш несие мөлшері 34 миллион теңге. 14 пайызбен берілген несиенің 10 пайызын Үкімет, 4 пайызын қожалық төлеуге тиіс.
Еттік және сүттік бағыттағы шаруа қожалығында 450 бас ірі қара өсірілуде. Шаруашылық «Гормолзавод» серіктестігіне тәулігіне 1 тоннадан астам сүт өткізеді. Сондай-ақ, шаруашылыққа тиесілі 1200 гектар алқапта мал азығы өсіріледі. Мұнда он жергілікті адам жұмыспен қамтылған. Сиыр сауу жұмысы толық автоматтандырылған. «Алдағы уақытта сүт өткізуді тәулігіне екі тоннаға дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл әкелген ірі қараның әрқайсысы 10-15 литрден сүт береді. Салмағы 600 келіге дейін жетеді,–дейді қожалық иесі Қуанышбек Бекайдарұлы.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар