Жер әдеттегіден жылдам айналуда

Жердің айналуының жеделдеуіне байланысты 2021 жыл қысқа болады. Бұл туралы Бүкілресейлік физика-техникалық және радиотехникалық өлшеулер ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мәлімдеді.

«Егер Жердің айналуы осы үдеу қарқынымен жалғасатын болса, онда уақыт шкаласына секунд қосу қажет емес, алып тастау керек болады», – деді ғалымдар.
Зерттеушілер 2020 жылғы бақылау тарихындағы ең жылдам байқалған 28 күннің тіркелгенін анықтаған болатын. Бұл күн өткен жылғы 19 шілдеде әдеттегіден 1,4 миллисекундқа қысқа болды деген ақпараттан кейін осындай мәлімдеме жасады. Міне, осындай алдын ала болжам бойынша, 2021 жыл 2020 жылға қарағанда одан да қысқа болады екен. Өйткені, бұған дейін ғалымдар 2020 жылы Жер әдеттегіден жылдамырақ айналғанын хабарлаған болатын. Өздеріңіз байқасаңыздар, уақыт тез өтіп, айдан-айға қалай жетіп қалғанымызды да білмей қалып жүрміз. Демек, ғалымдар сөзінде жан бар.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар