Кәрістердің алғашқы эшелоны Қиыр Шығыстан Қазақстанға 84 жыл бұрын келген екен. Менің ата-әжемнің 11 баласы болған, оның екеуі ғана діттеген жерге аман-есен жетті, қалғаны жолдың қиындықтарына шыдай алмай, жан тапсырды.
Адамдар өз жерлерінен күздің аяғында кеткендіктен, оларға жаңа мекенге орналасу қиын болды. Сонымен бірге, өз елдерінен киім-кешексіз кетуге бұйрық берілді. Өздеріне қоныстанған кәріс халқын қазақтар жылы шыраймен қарсы алғанын әжем үнемі айтып отыратын. Олар ашаршылықты бастан кешкенмен, бір үзім нанды бізбен бірге бөлісіп жейтін. Қазақтың қонақжайлылығының арқасында менің ата-әжем ажалдан аман қалды. Бұл жер олардың Отанына айналды. Тәуелсіздік жылдары кәріс халқы өздерінің еңбекқорлығының арқасында көп нәрсені үйреніп, көптеген жетістіктерге жетті.
Өзім төрт баланың анасымын. Қазақтар, орыстар, еврейлер мен қалмақтар менің жақын туыстарым болып есептеледі. Біз бүгінгі күні көпұлтты үлкен, тату-тәтті жанұяға айналдық. Бізге қиын-қыстау кезеңде көмегін аямай, осындай дәрежеге жеткізгендері үшін қазақ халқына алғысым шексіз. Қазақстанда Алғыс айту күні тойланатыны қандай жақсы. Бұл күні мен қазақстандықтарға зор денсаулық, мол бақыт, отбасының амандығын тілеймін.
Евгения КИМ,
«Чинсон» кәріс этномәдени орталығының мүшесі.