Ұлттық киім киеміз!

Наурыз мейрамы қарсаңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметкерлері ақмолалықтарды ұлттық киіммен жұмысқа келуге шақырып, ерекше челленджді қолға алды.

Басқарманың мәліметінше, челлендж өңірде наурыздың 22-не дейін жалғасады.
– Біз бұл челленджді ұлттық киімді көпшілікке насихаттау, жастарды ұлттық салт-дәстүрлерімізге құрметпен қарауға тәрбиелеу үшін жарияладық. Енді күн сайын әдемі қазақ қамзолдарында жұмысқа барамыз, – дейді Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова.
Ұйымдастырушылар жұмыста ұлттық киім кию эстафетасын Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына және жергілікті «Көкше» телеарнасының ұжымына тапсырды. Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі атап өткендей, челленджді өңірдің кітапханалары мен мәдениет үйлері қолдады, олар да бұл бастамаға қосылады. Апта соңына дейін акция облыстың барлық аудандарын қамтиды.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар