Мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде айтылды.

Отырысты аталмыш қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Сұлтанов ашып, жүргізіп отырды. Бүгінгі күні жұмыс істейтін барлық мемлекеттік бағдарламалардың арасында «Бизнестің жол картасына» сұраныс өте көп. Бұл бағдарлама аясында кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банк несиесі бойынша субсидиялау және кепілдік түрінде қолдау тетіктерінің ауқымды таңдауын алуға мүмкіндігі бар. Оның ішіне жаңа бизнес идеясы грантын алу, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ, оқу, шетелде тәжірибе алу, сервистік қолдау және арнайы мамандандырылған консалтинг кіреді.
Бағдарламаны жүзеге асырудың моно және шағын қалалар, ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес бастамасын қолдау, экономиканың басым секторында және өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салалық қолдау, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдігін азайту, кәсіпкерлерді қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну тәрізді негізгі бағыттары бар. Бағдарламаны жүзеге асыру өңірлік жеке меншік кәсіпкерлікті және бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Бағдарлама жиі жетілдіріледі. Бұл «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына қатысушыларды көбейтуге мүмкіндік береді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Жаслан Айдрахманов өткен жылдары атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, бүгінгі күні бағдарламаның үш бағыты жүзеге асырылып жатыр. Екі бағыт қаржыландырылады екен. Соңғы екі жылда әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар арасынан шыққан кәсіпкерлерге 13 грант беріліпті. Өткен жылы грант алуға 169 өтінім түсіп, 26-сына берілген екен.
– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына гранттық қаржыландыруды 160 миллион теңгеге дейін көбейтуге өтінім бердік. Облыстық бюджеттен берілетін осы қаржыны депутаттық корпустың қолдауын сұраймыз,–деді басқарма басшысының орынбасары.
Бұдан соң Ақмола облыстық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы өңірлік филиалының директоры Мәди Рымжанов «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалар және несиенің сомасы жөнінде айтып берді.
Бүгінгі күні «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы өңірлік кәсіпкерліктің нақты өсуін, жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етті деп сеніммен айтуға болады.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар