Пандемия Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібіне қалай әсер етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Былтыр 2020 жылдың 16 наурызында Қазақстанда коронавирус пандемиясы басталған еді. Күтпеген жағдай болғандықтан ең алдымен қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмек жетіспеушілігі анық байқалды. Дегенмен мемлекет бұл жетіспеушілікті қалпына келтіре алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2020 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда фармацевтика өнеркәсібінде 96 кәсіпорын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар шығарған (дәрі өндіру бойынша – 33, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіруде – 22 және медициналық техникада – 41). Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 5 014 атауын (дәрі-дәрмек – 996, медициналық бұйымдар – 4 018) жеткізуге 36 отандық тауар өндірушімен 88 ұзақмерзімді шарт жасалды. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, 2015 жылы «Нобель Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ GMP халықаралық стандарттарын енгізумен бірге Abbott Products Operations AG трансұлттық фармацевтикалық компанияларымен келісімшарттық өндіріс жасалған. «Химфарм» АҚ 2013 – 2016 жылдары Sanofi келісімшарттық өндіру жобасын (гепатопротектор – Эссенциале®Н форте, капсулалар) іске асырған. Жалпы, фармацевтикалық өнім өндірісі негізгі кәсіпорындарда шоғырланған, олар барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың 85% астамын өндіреді. Маңызды жобалар «Химфарм» АҚ (Шымкент қаласы, дәрілік заттар өндірісі, саладағы үлесі – 38%), «Нобель АФФ» АҚ (Алматы қаласы, дәрілік заттар өндірісі, саладағы үлесі – 28%), «Kelun Kazpharm» ЖШС (Алматы облысы, инфузиялық ерітінділер өндірісі, саладағы үлесі – 10%), «Абди Ибрагим Глобал Фарм» АҚ (Алматы облысы, дәрілік заттар өндірісі, саладағы үлесі – 5%), «Dolce-Pharm» ЖШС (Алматы облысы, медициналық бұйымдар өндірісі, саладағы үлесі – 4%) жүзеге асуда. Одан бөлек, 2020 жылы медициналық маска өндірісі тәулігіне 170 мың данадан 1,2 млн данаға дейін ұлғайды, бір реттік медициналық қолғап өндірісі – тәулігіне 173 мың жұптан 330 мың жұпқа, қорғаныс жиынтығы өндірісі – айына 80 мың данадан 504 мың данаға дейін артқан. Шприц өндірісі – 131,2 млн данадан 139,6 млн данаға дейін, антибиотигі бар дәрілер өндірісі – 1,2 мың тоннадан 2,3 мың тоннаға дейін, гормондары бар дәрілер өндірісі – 0,6 тоннадан 374 тоннаға дейін, сарысулар мен иммундық препараттар өндірісі – 0,9 мың тоннадан 1,2 мың тоннаға дейін өскен. Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарда фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті қолдау мен дамытудың негізгі бағыттары қарастырылған. Оған фармацевтикалық қызметті, ЕАЭО аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымын реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер, мемлекеттік қолдау шаралары, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, инвестициялар тарту, саланы кадрмен қамтамасыз ету, дәрілік заттарды таңбалау, олардың қадағалануы және отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірушілерінің әлеуетін арттыру кіреді. Сонымен бірге, коронавирус инфекциясының ықтимал толқынына дайындық аясында Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС бірқатар іс-шара жүргізді. Бірыңғай дистрибьютор қоймаларында 6,27 млрд теңгеге COVID-19 емдеу үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 38

аталымы бойынша екі айлық қор қамтамасыз етілді, бұл ай сайын 60 мың пациентті қамтуға мүмкіндік береді. Медициналық ұйымдарда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 91 түрі бойынша 23,6 млрд теңгеге бір айлық қор құрылды. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізімі 5 атауға кеңейтілді (қызуды басатын «Парацетамол» және «Ибупрофен», қан сұйылтатын «Ривароксабан», «Апиксабан» және «Дабигатран»). 2020 жылы медициналық ұйымдарға 2 млрд теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілген. Интервенция аясында бөлшек сауда желісінде 1,8 млрд теңгеге 26 дәрінің екі айлық қоры қалыптасты. Дәріханаларда бөлшек сауда желісінде сату үшін 10 млн маска сатып алынған (оның ішінде 0,4 млрд теңгеге 500 мың балалар маскасы алынған). Жеке қорғаныс құралдарының қоры қамтамасыз етілді – 400 мың бірреттік қорғаныс костюмдері алынды, оның 200 мыңы өңірлер арасында бөлінеді. Қалған 200 мыңы – бірыңғай дистрибьютордың хабтарында сақталады. Ұйымның айтуынша, коронавирусты емдеу хаттамасына кіретін дәрі-дәрмектің 48% – отандық өнімдер.

 https://www.inform.kz/kz/pandemiya-kazakstannyn-farmacevtika-onerkasibine-kalay-aser-etti_a3764195

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар