КВИ вакцинациясының екінші кезеңі: 2 мыңнан астам ақмолалық екпе алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина өңірде «Спутник V «Гам-КОВИД-Вак» вакцинациясының екінші кезеңі қалай өтіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бірінші ақпаннан бастап аймақта КВИ вакцинациясы басталды. «Бірінші кезеңде 1 300 доза вакцина келіп түсті, бірінші компонентпен 1 298 адам егілді, екінші компонентті 1 048 адам алды, олардың ішінде 17 мұғалім, 9 мемлекеттік қызметкер, 1 100 медицина қызметкері. Екінші наурызда тағы 3 700 доза вакцина жеткізілді. Екінші кезеңде мұғалімдер мен күш құрылымдарының қызметкерлері вакцинаны алады. Оның ішінде 638 мұғалім, 318 күш құрылымдары мен полиция қызметкерлері, 59 мемлекеттік қызметші, 930 медицина қызметкері бар», – деп түсіндірді өңірдің бас санитарлық дәрігері. Осы ретте, облыс бойынша КВИ – ға қарсы вакцинациялауға жұмылдырылған 24 егу пункті дайындалды, оның бесеуі Көкшетау қаласында. «Екі компонентті алған кезде вакцинация аяқталды деп саналады, иммунитет вакцина енгізілгеннен кейін 56-шы күні қалыптасады және екі жылға сақталады», – деп толықтырды Айнагүл Мусина. Сондай-ақ, А.Мусина вакцина салу тәртібі туралы айтты. Вакцина бірінші кезеңде жұқтыру қаупі жоғары адамдар егіледі. Олар медицина қызметкерлері, мектептер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен орта білім беру мекемелерінің педагогтары, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері. Екінші кезеңде мектеп-интернат педагогтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, созылмалы аурулары бар адамдар егіледі. Үшінші кезеңде медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті және балалардың жабық мекемелерінің қызметкерлері. Төртінші кезең-тәуекел тобындағы барлық қалған контингент. «Әзірге екпе салынған адамдардан вакцинаға қолайсыз реакция тіркелген жоқ», – деп түйіндеді А.Мусина.

 https://www.inform.kz/kz/kvi-vakcinaciyasynyn-ekinshi-kezeni-2-mynnan-astam-akmolalyk-ekpe-aldy_a3763835

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар