Коронавирусқа қарсы екпе алу жалғасуда

Бүгінгі таңда жалпы, облыс бойынша коронавирус пандемиясына қарсы екпе салу мен айналысатын 86 вакциналық пункттер дайындалған.

Ағымдағы жылдың екінші сәуірінен бас-тап Көкшетау қаласында жаппай вакцинациялаумен қатар, «РИО» сауда үйінде және осы жылдың он екінші сәуірінен орталық мешітте уақытша вакцинация бөлмелері ұйымдастырылды. 20 сәуірдегі мәлімет бойынша 25900 адамға екпе жасалған. 24271 адам бірінші компонентпен вакцинацияланса, бұл 93 пайызды құрап отыр. Оның ішінде 4162-сі медицина қызметкерлері, 3447-сі мұғалімдер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері, 3675-і күштік құрылымдар мен полиция қызметкерлері, 191-і студенттер, 1612-сі 65 жастан жоғары адамдар, 801-і өндірістік кәсіпорындардан, 440 адам мемлекеттік қызметшілер.
Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы екпе алудың екінші компонентімен 5650 адамға вакцина жасалса, оның 2627-сі медицина қызметкерлері, 1267-сі мұғалімдер, 1037-сі күштік құрылымдар мен полиция қызметкерлері, жетеуі студенттер, он бірі 65 жастан жоғары адамдар, біреуі өнеркәсіптік кәсіпорындардан, 28-і мемлекеттік қызметкерлер мен 672-сі және басқа топтың өкілдері.
Жалпы, вакцинаны қабылдаған адамдар арасында жағымсыз реакциялар тудырған жағдайлар болмаған. Сондықтан, қауіпті індетті өршітпей, дер кезінде екпе алғанымыз жөн.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар