Облыстық маңызы бар қала санатына жатқызу туралы ұсыныс қаралды

Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясы болып өтті. Сессияның күн тәртібінде экономикалық және әкімшілік-аумақтық және ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер талқыланды.

«2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №6С-52-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Малғаждарұлы Дүзелбаев баяндама жасады. Сондай-ақ, ол ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін облыстың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде Жұмыспен қамту және тұрғын үй құрылысы жол картасының іс-шараларын қаржыландыру жөнінде де айтып берді. Сонымен қатар, депутаттар Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылын облыстық маңызы бар қала санатына жатқызу туралы ұсыныстарды қарастырды. Бұл ұсыныстарды Целиноград ауданының жергілікті қоғамдастығы алдын ала талқылап, мәселені облыстық деңгейге шығару туралы аудан әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімі қабылданған болатын.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сессияға «Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы №6С-50-7 шешіміне ауыр және сирек аурулармен ауыратын адамдарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету мүмкіндігіне өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгізіп, ол да мақұлданды.
Сондай-ақ, мәслихат сессиясында облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардағы өзгерістер бойынша төрт шешім қабылданды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар