Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті әскери қызметкерлер мен Қарулы Күштердің ардагерлері!

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Бұл күн өзіне ерлік пен батылдықтың және патриоттылықтың қадір-қасиетін тоғыстырып, өз еліне адал және лайықты қызмет етуді басты парызы санайтын барша адамдарды бір мақсатқа жұмылдыра түседі. Келесі жылы біз Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығын атап өтетін боламыз.
Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күш-жігерінің арқасында біздің Қарулы Күштеріміз жаңа жағдайда өзінің қажеттілігі мен тиімділігін паш етуде. Бүгінгі таңда біздің әскер әскери дайындықтың жоғары деңгейімен, сапалы құрамымен, ұлттық әскери оқу орындарының кең желісімен және материалдық-техникалық қамтылуымен ерекшеленеді. Осы заманғы Қазақстан әскері кез-келген жағдайда еліміздің сенімді қорғаны бола алады.
Киелі Ақмола топырағы ежелден өзінің жауынгерлік жолы өнегелі де үлгілі сарбаздарымен және офицерлерімен аты шығып келеді. Мәлік Ғабдуллин, Сағадат Нұрмағамбетов және Талғат Бигелдиновтың аяулы есімдері Отан қорғаушылардың жаңа ұрпақтары үшін әрдайым өз еліне қалтқысыз қызмет етудің нағыз эталоны болып табылады.
Құрметті әскери қызметшілер! Бүгінгі таңда сіздерге ең жоғары парыз – тәуелсіз Қазақстанның егемендігін және біздің жеріміздің тыныштығын қорғау миссиясы жүктелген. Осы жолда абыройларыңыз үстем болып, көк аспанымыз әрқашан ашық болсын және елімізде ынтымақ пен береке жарасымын тапсын!

Құрметті әскери қызметкерлер мен Қарулы Күштердің ардагерлері!

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді шын жүректен ержүректілік пен табандылықтың мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Осы күні біз өз өмірін Қарулы Күштерге қызмет етуге арнаған, халықтың тыныштығы мен бейбітшілігін қорғаған және қорғап жүрген жандарды құрметтейміз.
Бүгінде ұлттық мүддені берік қорғау және Қазақстанның қорғаныс әлеуетін нығайту елімізді тұрақты дамытудың және азаматтарымыздың әл-ауқатын арттырудың негізі болғандықтан, заманға сай кәсіби әскер құру, қорғануға қабілеттілікті арттыру баса назарда ұсталып отыр.
Сіздердің әрқайсысыңыз өз істеріңізбен ата-бабаларымыздың және біздің Қарулы Күштеріміздің даңқты әскери дәстүрін жалғастыра беріңіздер.
Бүгінгідей ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, сарбаздарымыз бен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек те жігерлі отандастарымыздың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күнге негіз болсын!
Мұрат БАЛПАН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар