Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Қымбатты соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері!
Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Біздің бәріміз үшін 9 мамыр ерекше күн. Ол – мақтаныш және даңқ мерекесі, ерлік пен батылдық символы. Әкесі немесе атасы Отан үшін шайқасқан немесе қаза тапқан әрбір қазақстандық отбасы үшін Жеңіс күнінің маңызы өте-мөте зор. Біз әрдайым Ұлы Отан соғысының майдандарында өз өмірін елі үшін құрбан еткен, тылда жанқиярлықпен еңбек еткен отандастарымыздың баршасын ерекше құрмет тұтамыз және естен шығармаймыз.
1945 жылдың көктеміндегі ұлы Жеңіс халықтың бірлігімен және Отанын шексіз сүюмен келді. Өз еліне деген адалдық, өскен ортасына шексіз берілгендік және ауызбірлік Тәуелсіздігіміздің 30 жылы ішінде біздің Қазақстан Республикасының көпұлтты халқының да басты құндылығы болып қалуда.
Бұл күні біз қан майданнан оралмаған боздақтардың жарқын бейнесі алдында басымызды иеміз, біздің жеріміздің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін шыбын жандарын аянбаған соғыс ардагерлерін, тылда Жеңісті жақындатқан адамдардың бәрін құрмет тұтамыз.
Сіздердің ержүректіктеріңіз, Отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз, өмірлік мұраттарыңыз және белсенді азаматтық көзқарастарыңыз, баға жеткізгісіз тәжірибелеріңіз және өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан үлестеріңіз үшін мың мәрте алғысымызды білдіреміз. Осы бір даңқты күні баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын, ұзақ ғұмыр тілеймін. Сіздердің шаңырақтарыңызда әрдайым түсіністік, молшылық пен ынтымақ-береке көрініс тапсын. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының аспаны әрқашан ашық болсын!

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Қадірменді жерлестер!

Сіздерді шын жүректен бәріміз үшін ең қымбатты мереке – Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын! Осы атаулы күн – біздің Отанымызды қорғаған адамдардың патриотизмі, ерлігі мен даңқының символы. Жеңістің алғашқы күнінен бері қанша жылдар өтсе де, оған қалай қол жеткізгенімізді ешқашан ұмытпаймыз. Біз әрдайым соғыста қаза тапқан, тірі келгендерді мәңгі есте сақтаймыз.
Өзінің Отанына деген ержүректіліктің, мықтылықтың және сүйіспеншіліктің мысалы ретінде мыңдаған жерлестеріміздің от кешкен тағдырларын айтуға болады. 90 мыңнан астам ақмолалық барлық кеңес халқымен бірге майданға қатысты. Жеңіс күні бүгінде біздің басымызды біріктіріп отыр, біздің көп ұлтты еліміздің барлық жастағы адамдарының бойына мақтаныш, сенім мен сарқылмас күш-жігер сезімін ұялатады.
Ерліктеріңіз бен ержүректіліктеріңіз, өшпес қаһармандылықтарыңыз үшін Сіздерге тағзым етеміз, құрметті ардагерлер! Ұрпаққа үлгі болғандарыңыз, үлкен адами тәжірибелеріңіз, сондай-ақ, біздің өз елімізде тұру құқығымызды қорғағандарыңыз үшін үлкен рахмет!
Шын жүректен Сіздерге денсаулық, сергектік пен ұзақ өмір тілеймін! Әрқайсыңыз алда да қамқорлық пен сүйіспеншілікке бөлене беріңіздер.
Мұрат БАЛПАН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар