Соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден ақшалай қолдау көрсетілді

Ақмола облысында 9-ші мамыр қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңгеден біржолғы ақшалай төлемдер жасалды.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда облыстың 9 өңірінде 20 ардагер тұрады.

Біржолғы ақшалай төлемдер ҰОС ардагерлеріне, өзге мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне және «ардагерлер туралы» ҚР Заңының күші қолданылатын басқа да тұлғаларға берілетін жеңілдіктер бойынша аударылады. Бұл санаттарға 5600 адам кіреді.

«Төлемдер жасалды, қаражат шоттарға жіберілді», – дейді ведомстводан.
Айта кетейік, бюджетте бұл мақсаттарға 146 миллионнан астам қаражат қарастырылған болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар