Полиция капитаны ҰОС қатысқан атасы туралы айтып берді

Менің атам Нұрмадия Ахметов – Ұлы Отан соғысының ардагері.

Бұдан әрі де Ұлы Отан соғысының батырлық эпопеясы тарихына үңілсек- біздің еліміз басынан өткерген барлық соғыстардың ішіндегі ең қатыгезі. 76 жыл бұрын миллиондаған адамның өмірін қиған қорқынышты соғыс біздің халқымыздың жеңісімен аяқталды.

Ұлы Отан соғысы әр отбасына әсер етті. Бұл соғыс біздің отбасымызды да айналып өтпеді. Мен, осы соғысты басынан өткерген өзімнің атам туралы айтқым келеді.
9 мамыр-біздің отбасымыз үшін ерекше мереке. Менің атам Ахметов Нұрмадия 1922 жылы Чулаксанды ауылында қарапайым жұмысшылар отбасында туып өскен. 1941 жылдың қараша айында 19 жасында соғысқа аттанады. Атам Сталинград шайқасына қатысып, Оңтүстік, Украин, Батыс, Белорус майдандарында соғысқан.

Атам Нұрмадия “Қызыл Жұлдыз” орденімен, “Жауынгерлік еңбегі үшін”, “Жапонияны жеңгені үшін”, “Сталинградты қорғағаны үшін” медальдарымен және басқа да марапаттаулармен марапатталған.

Ол команданың алғыс хаттарын мақтан тұтатын. Атам 1947 жылдың сәуір айында ғана Порт-Артур қаласынан демобилизацияланды. Қызметтен оралғаннан кейін сауда жүйесінде бухгалтер болып жұмыс істеді.

1950 жылы атам Марияш әжеме үйленіп, 8 баланы тәрбиелеп өсірді, өкінішке орай, атамыз 1977 жылы ауыр науқастан қайтыс болды. Жыл сайын осы күнге дейін Державинск қаласының Ишимская көшесіндегі атамның үйінде үлкен дастархан жайылады, Жеңіс күні атап өтіледі, онда біз атамның үйінде мұқият сақталған фотосуреттер мен марапаттауларын, медальдарын қараймыз.

Менің атам мен әжем мәңгі біздің жадымызда, жүрегімізде, естеліктерімізде, күнделікті іс-әрекеттерімізде және жетістіктерімізде қалады, мен атамды көрмегеніммен, мен оны мақтан тұтамын.

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар