Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аялдамаға «бомба қойған» 29 жастағы күдікті ұсталды - АРҚА АЖАРЫ

Аялдамаға «бомба қойған» 29 жастағы күдікті ұсталды

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 10-да сағат 13:00 Степногорск қалалық ПБ кезекші бөліміне ұялы телефоннан ер адам хабарласып, 5-шағынауданда жарылғыш зат қойылғанын айтты. Айтылған аумақты тексеру кезінде жарылғыш зат табылмады.

Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Анықталғандай, ол 2019 жылы да осындай қылмысы үшін жауапқа тартылыпты.

«Осыған байланысты, қазіргі кезде күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 273-бабы («Терроризм туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», — деді ведомстводан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар