Еліміздің жас тоғызқұмалақшылары Бурабайда бас қосты

Бурабай ауданының «Ботагөз» спорт базасында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша «тоғызқұмалақтан» жарыс өтті.
Биылғы жылғы мамырдың 3-8 күндері аралығында өткен жарысқа 150-ден астам оқушы, яғни, еліміздің 13 өңірінен 3 жас топтары (5-6, 7-8, 9-11 сыныптар) бойынша 13 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
5-6 сыныптар
1 орын – Павлодар облысы.
2 орын – Түркістан облысы.
3 орын – Қарағанды облысы.
4 орын – Ақмола облысы.

7-8 сыныптар
1 орын – Ақтөбе облысы.
2 орын – Түркістан облысы.
3 орын – Жамбыл облысы.
6 орын – Ақмола облысы.

9-11 сыныптар
1 орын – Ақтөбе облысы.
2 орын-Алматы қаласы.
3 орын – Маңғыстау облысы.
Ақмола облысының балалары турнир кестесінің 4-ші (5-6-шы сыныптар) және 6-шы (7-8-ші сыныптар) орындарында орналасты. 5-6 сыныптар арасында жеке есепте Щучинск қаласының №7 мектеп лицейінің оқушысы Ханшайым Әбиева 3 орын алды. Оны дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұматай Әбілқасов жаттықтырады.

Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасында ұлттық спорт түрлерінен (асық ату, бес асық) ойындардың келесі кезеңі 2021 жылғы 17-21 мамырда Көкшетау қаласында өткізу жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар