Ақмола облысында полицейлер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуге шақырылды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығының және аумақтық Полиция департаменті жеке құрамының қатысуымен құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын қарау бойынша онлайн-кездесу өткізілді.

Бейнеконференцбайланыс барысында қатысушыларға полиция органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабының негізінде енгізілген ақпарат жеткізілді.

Осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшылардың бағынышты қызметкерлердің қызметіне тиісті бақылауды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргіп, олардың нәтижелерін жария талқылауға шығаруды, қызметке кандидаттарды сапалы іріктеуді, сондай-ақ жеке құрамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және полиция органдарының қызметін реттейтін өзге де НҚА-ны мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз етуді ұсынды.
Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Мұрат Төлеубаев кездесуге қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы соңғы заңнамалық өзгерістер туралы хабардар ете отырып, ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.

Спикер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды мүдделерін қорғау мемлекетке құқық қорғау қызметін атқаратын әрбір адамның тікелей борышы болып табылатынын атап өтті.

Сондықтан парасаттылық, сатылмаушылық сияқты қасиеттер және моральдық қағидаттар полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде ажырамас бөлігі болуы керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар