Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Киіктердің Дүниежүзілік популяциясының 90% - дан астамы Қазақстанға тиесілі - АРҚА АЖАРЫ

Киіктердің Дүниежүзілік популяциясының 90% – дан астамы Қазақстанға тиесілі

Қазақстан аумағындағы киік мекендейтін өңірлерде (10 облыс) ағымдағы мамыр айының соңына дейін жалғасатын киіктің төлдеу кезеңі басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Экология министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған байланысты, мамыр айының басынан бастап, төлдеу үшін қауіпсіз жағдай жасау мақсатында, киіктер жиналатын және қоныс аударатын жерлерде күшейтілген рейдтер жүргізілуде. Осы іс-әрекеттің барлығын бақылау үшін, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ақмола облысының Жақсы ауданына баспасөз турын ұйымдастырды.
Акция аясында, киіктер мекендейтін (шоғырланған) және төлдейтін учаскелерде блок-бекеттер қою арқылы қорғау іс-шаралары күшейтілді. Акцияға экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК 200-ден астам инспекторы жұмылдырылды. Айта кету керек, киіктердің Дүниежүзілік популяциясының 90% – дан астамы Қазақстанға тиесілі.
Мұнда киіктердің Бетпақдала, Орал және Үстірт секілді 3 популяциясы мекендейді. Айдың басынан бастап қолайлы ауа райына байланысты киіктің төлдеуі тұрақты күйде өтеді, алаңдаушылық факторлары байқалмайды. 2019 жылғы есеп бойынша жануарлардың саны 334 400 басты құрады: Бетпақдала популяциясы – 111 500 басты, Орал популяциясы – 217 000 басты, Үстірт популяциясы – 5 900 басты. 2020 жылы пандемияға байланысты есеп жүргізілген жоқ. Қазіргі уақытта, есеп қайта жаңартылды, оның нәтижелері ағымдағы жылдың соңында алынады.
Естеріңізге сала кетейік, осы жануарлардың санын арттыру және сақтау үшін министрлік ғылыми мақсатта пайдаланудан басқа, Қазақстанның барлық аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2023 жылға дейін тыйым салды. Сондай-ақ, осы мақсатта ҚР Қылмыстық кодексінде киіктерге браконьерлік жасағаны үшін, тіпті 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға және мүлкін тәркілеуге дейінгі жазалау шаралары қатаңдатылды.

Дереккөз: www.inform.kz

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар