Әділжан бас жүлдені жеңіп алды

Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласындағы балалар музыка мектебінің домбыра бөлімшесінің 5 сынып оқушысы Əділжан Қасқырбай Тəуелсіздіктің 30 жылдығына жəне ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Балдаурен» республикалық жасөспірімдер байқауында 9 -13 жас аралығындағы балалар арасында аспапта ойнау жанры бойынша Бас жүлдені жеңіп алды.

Бұл – Əділжанның  бірінші жеңісі емес. Ол 2019 жылы  Ташкентте өткен «Талантты Қазақстан» байқауында Бас жүлдені иеленсе, 2020 «Ақ көгершін» байқауында да жеңіс тұғырынан көрініп, Бас жүлдемен марапатталған еді. Сонымен қатар, Әділжан көптеген халықаралық, облыстық байқауларға да қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген жас өрен. Мәселен, 2021 жылдың қаңтар айында Арқалық қаласында Құлжанов атындағы музыкалық колледжінің ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Тарт домбыра» байқауында жүлделі 1-орынды иеленді.

Əділжан балдырған кезінен Жарқайың балалар музыка мектебінің домбыра бөлімінде білім алып келеді. Биылғы жылы музыка мектебін тәмамдайтын түлектердің арасында ерекше қызыл куəлік үміткері. Əділжанға алдағы сынақтарынан сүрінбей өтіп, музыка мектебінің қызыл куəлік иегері атануына шын жүректен тілектестігімді білдіремін. Шәкіртімді жеңісімен құттықтап, алдағы уақыттарда тек қана  шығармашылық табыстар тілеймін.

Сәт ЖҰРМАҒАНБЕТОВ,
Жарқайың аудандық балалар музыка мектебінің домбыра пәнінің мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар