Жарқайың ауданында «Нұр жер» бағдарламасы аясында пәтер кезегінде тұрғандар баспаналы болуда

Аудан әкімдігінің мәліметінше, өткен жылдың соңында аудан орталығы Державинск қаласындағы «Молодежный» шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 60 пәтерлі тұрғын үй қайта жаңғыртылды.

Күрделі жөндеу жұмыстар барысында үйдің шатыры жаңартылып, пластикалық терезелер орнатылды, қасбеті жылу өткізбейтін материал және металлосайдингпен қапталды, қабырғалардың ішкі левкасы, баспалдақ қоршаулары және алаңдарында таяныштар орнатылды.

«Бағдарламаның арқасында 3 көп балалы отбасы, 17 жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және 40 халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адам пәтер алды. Қазіргі таңда Жарқайың ауданында мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегінде 370 адам тұр», – дейді аудан әкімдігіндегілер.

Айта кетсек, соңғы 13 жылда аудан орталығында 10 көппәтерлі үй қалпына келтіріліп, 396 пәтер кілті тапсырылды. Оның ішінде 19 – қызметтік, қалғаны халықтың осал топтарына, сондай – ақ, мемлекеттік қызметкерлер мен медицина қызметкерлеріне үлестірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар