Президент Жолдауының орындалу барысы туралы әлеуметтік зерттеу нәтижесі

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының іске асырылу барысын халықтың бағалауын зерделеу мақсатында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы ағымдағы жылғы 27 сәуір – 6 мамыр аралығында онлайн сауалнама жүргізді. Сауалнама ағындық іріктеу әдісімен жүргізілді. Респонденттер сауалнамаға бірқатар интернет-ресурстарды, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалана отырып тартылды. Зерттеу барысында 17 аудан мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан пропорционалды түрде 1 мың адам сұралды.

Социологиялық зерттеумен 800 әйел және 223 ер адам қамтылды, оның ішінде 18-29 жас аралығында – 29 пайыз, 30-45 жас аралығында – 41, 46-63 жас аралығында – 29 және одан жоғары 63 жас – 1 пайыз.

Респонденттердің негізгі бөлігін әлеуметтік-кәсіптік тиістілігі бойынша тең дәрежеде бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және басқалар ұсынды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне ерекше назар аударды. Осыған байланысты облыс тұрғындарының мемлекеттік басқару саласындағы реформаларға қатынасы зерттелінді. Сауалнама талдауы көрсеткендей, респонденттердің 73 пайызы «иә» және «мүмкін иә» жауаптарының нәтижесінен ҚР Президентінің бастамасын қолдайды. Сұралғандардың 4 пайызы теріс жауап берді, 22 пайызы жауап беруге қиналды.

COVID-19 пандемиясынан туындаған қазіргі экономикалық дағдарыс экономиканың көптеген салаларына әсер етті. Бұл ретте, ең алдымен экономикалық дағдарыс кесірінен шағын және орта бизнес секторы зардап шекті. Мемлекет бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыруды, салықтық ынталандыруды, бизнесті тексерулерден шектеуді және тағы басқаларды қамтитын бизнесті қолдау шараларын уақтылы қабылдады. Жалпы, респонденттердің бағалауында (56 пайыз) Мемлекет басшысының Жолдауы жарияланғаннан кейін мемлекеттік қолдау шаралары тиімдірек болды. 2021 жылдың басында Қазақстанда ЭКҰ процедурасынан тегін өтуге бағытталған «Аңсаған сәби» бағдарламасы басталды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес квоталар саны жеті есеге артты. Ағымдағы жылы Ақмола облысына 283 квота бөлінді (2020 жылы – 47 квота). Зерттеу көрсеткеніндей, респонденттердің 49 пайызы бағдарламаның негізгі бағыттарын білмейді немесе ол қызықтырмайды, 45 пайызы бағдарлама туралы жақсы біледі, ал, респонденттердің 15 пайызы өздері немесе олардың айналасындағы адамдар ЭКҰ рәсіміне квота алып, бағдарламаға қатысты.

Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында жинақтаулары жеткіліктілік шегінен тыс және өз қаражатын заңнамада көзделген мақсаттардың біріне бағыттайтын қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалануы туралы мәселенің шешілетінін жариялады. Әлеуметтік сауалнамадан алынған деректерге сәйкес облыс тұрғындарының 77 пайызы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігіне оң жауап берді, 17 пайызы бұл мүмкіндікке бейтарап қарады. Сондай-ақ, зерттеу барысында сұралғандар арасында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу құқығын пайдаланған ақмолалықтардың тобы зерделенді. Мәселен, эмпирикалық деректерге сәйкес, респонденттердің басым бөлігі (57 пайызы) бағдарлама шарттарына сай келмейді, сұралғандардың 19 пайызы жинақталған қаражаттың бір бөлігін пайдалана алды. Кең ауқымды ақпараттық жұмысқа қарамастан, сауалнамалардың 11 пайызы үшін бағдарламаның шарттарын қабылдау өте қиын болды. 13 пайызы жауап беруге қиналды.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында атап өткеніндей, сапалы білімге қол жеткізу басты басымдық болып қала береді. Тұрғылықты жеріне және оқыту тіліне қарамастан, сапалы білім алу үшін балаларға тең мүмкіндіктерді іске асыру, халықтың қанағаттану дәрежесін айқындау мақсатында, облыс тұрғындарының пікірі зерделенді. Ақмола облысының респонденттері (76 пайызы) негізінен елді мекендерде сапалы білімнің қол жетімділігін көрсетті. 22 пайызы жауап беруге қиналды (1 диаграмма).

1 диаграмма. Сіздің ойыңызша, Қазақстан Республикасы Президентінің тұрғылықты жері мен оқыту тіліне қарамастан сапалы білім алу үшін балаларға тең мүмкіндіктерді іске асыру бойынша тапсырмасы тиімді орындалып жатыр ма?

Қазақстан Республикасы Президентінің ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жөніндегі бастамасы қоғамдық диалогты дамытуға жаңа серпін берді. Көп жағдайда ақмолалықтар (79 пайызы) әкімдердің халықпен сайлануын мақұлдайды. Қарама-қарсы пікірді сұхбат алушылардың 11 пайы-зы ұстанады. 10 пайызы жауап беруге қиналды.

Осы норманы қолдайтындардың 70 пайызы сайланған әкімдер жұмысының тиімділігі мен сапасы деңгейінің артуына үміттенеді. 5 пайызында әкімдерді сайлау мәселелеріне бейтарап көзқарас байқалады (2 диаграмма).

2 диаграмма. Әкімдерді сайлау тәжірибесі жергілікті жерлерде тиімді болады деп ойлайсыз ба?

Мемлекет басшысының тағы бір тапсырмасы мүлік иелері бірлестіктері институтын енгізу жөніндегі реформаны іске асыру болды. Осыған байланысты ақмолалықтарға «Сіздің көп пәтерлі үйіңіз мүліктің меншік иелері бірлестігі (ММБ) немесе жай серіктестігіне (ЖС) өтуді жүзеге асырды ма?» сұрағы қойылды.

Зерттеуді талдау сауалнамаға қатысушылардың тек 10 пайызы ғана ММБ немесе ЖМ-ға өтуді сәтті іске асырғанын, ақмолалықтардың 6 пайызы көппәтерлі үйді басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын көрсетті (3 диаграмма).

3 диаграмма. Сіздің көп пәтерлі үйіңіз ММБ немесе ЖС-ға көшуді жүзеге асырды ма?

Президент сөзінің едәуір бөлігі экономикалық, әлеуметтік мәселелерге және елдің дағдарыстан кейінгі дамуының негізгі мақсаттарына арналған. Империкалық мәліметтерге сүйене отырып, қойылған міндеттерді орындау – халықпен оң баға алды. Сауалнамаға қатысушылардың едәуір бөлігі жүргізіліп жатқан саясаттың мәні туралы дұрыс түсінікке ие және халықты толғандыратын неғұрлым өзекті және өткір мәселелерді шешу жөніндегі идеялар мен шараларға қанағаттанатындықтарын білдірді. Айнұр ҚОШАНОВА,
Ақмола облыстық ішкі саясат
басқармасының қоғамдық-саяси жұмыс
мониторингі бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар