Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні барша ақмолалықтарға құтты болсын! Биылғы жылы өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өткелі отырған біздің еліміз тарихтың аса қысқа мерзімінде үлкен сындарлы жолдардан өтті.

Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында «Мен азаттықтың алғашқы онжылдығын жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі деп атар едім. Осы уақытта Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты» деп жазған болатын.

Тәуелсіздіктің сол алғашқы онжылдығында белгіленеген мемлекеттік нышандарымыз Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз баршамыздың шынайы мақтанышымыз бен айбынымызға айналды. Мемлекеттік рәміздеріміз барша қазақстандықтарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің басты бір символына айналды және барша ұлттар мен ұлыстарды ортақ мүддеге жұмылдыруға қызмет етіп келеді.

Біздің алдымызда өз еліміздің Рәміздерін құрметтеу, мақтан тұту арқылы өз Отанымызды одан әрі гүлдендіріп, тәуелсіздігімізді нығайту міндеттері тұр. Елдің бірлігі мен ынтымағын сақтап, одан әрі нығайту жолында баршаңызға табыстар мен сәттілік тілеймін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар