Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің басты нышаны - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің басты нышаны

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен әкімдік жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты бірқатар басқармалар мен аудан басшылары өз жұмыстарынан есеп беріп, бокстан Азия чемпионы атағын жеңіп алған жерлесіміз Дина Жоламанға және өз салаларында осындай жетістіктерге жеткен бір топ ақмолалықтарға құрмет көрсетілді.

–Отыз жыл бұрын көптен күткен тәуелсіздікке қол жетіп, біздің еліміз өз Елтаңбасын, Туы мен Әнұранын бекітті. Мемлекеттік рәміздерімізді жасаудың бастамашысы – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев болды. Ол: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негіздерінің бірі. Олар тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші бейнесін білдіреді» деген болатын. Олай болса, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу мен қадірлеу әрбір қазақстандық азаматтың парызы, –деді отырыста Ермек Маржықпаев.

Комиссия отырысында есеп берген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова өңірде мемлекеттік рәміздерді қолдану барысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, мониторингтік тексерістердің қорытындысын мәлімдеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты облыста былтырдан бері 3 мыңнан астам патриоттық іс-шара өткізіліпті.

–Әр жарты жыл сайын комиссия мүшелері мен ішкі саясат басқармасының қызметкерлері мемлекеттік рәміздердің жай-күйіне мониторинг жүргізеді. Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында 23 облыстық, 24 аумақтық мемлекеттік органдарда және Ақкөл, Бұланды, Шортанды мен Целиноград аудандарында мемлекеттік рәміздерді қолдану сапасына мониторинг өткізілді. Тексерістер барысында қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік рәміздерді мемлекеттік мекемелерде пайдалану, белгілеу және орналастыру жұмыстары тиісті деңгейде бақыланатыны айқындалды, – деді басқарма басшысы.

Бұдан әрі комиссия отырысында Бұланды ауданының әкімі Талғат Ерсейітовтың, Қазақстан Республикасы техникалық қадағалау және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Рүстем Айменовтың есептері тыңдалды. Сонымен бірге, комиссияда білім мен спорт салаларында елдігіміздің атын шығарып жүрген жастарымыздың мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілігі, Отанына деген құрметі жайында жылы пікірлері жиналған қауымды ерекше әсерге бөледі.

Комиссия отырысының соңында бокстан әлем чемпионы, Қазақстанның он дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Дина Жоламанға құрмет көрсетілді. Жуырда өткен Азия чемпионатында алтын медальді жеңіп алған оған облыс әкімінің Алғыс хаты мен 2 миллион теңгенің ақшалай сертификаты тапсырылды. Сол сияқты, бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бокстан әйелдер арасындағы Ақмола облысының аға жаттықтырушысы, Жақсы ауданының Құрметті азаматы Александр Высоцкий 1 миллион теңгенің сертификатына ие болды.

Сонымен қатар, шара барысында облыстық полиция департаментінің қылмыскерлерді іздестіру бөлімінің бастығы Бүркітбек Оспанов, Дзюдодан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Әсет Жүнісов, биатлоннан 2015 және 2017 жылдардағы қысқы Универсиаданың чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алина Коломиец, Зеренді ауданының «Мейірім» еріктілер орталығының волонтері Гүлдана Бектұрғанова, Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы, Беларусь Республикасының Минск қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда алтын медальға және бірінші дәрежелі дипломға ие болған Гаухар Жәкімова мен тағы да бірқатар жерлестеріміз облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Ы.ШАМШИЕВА.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар