Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай мамырдың 5-інде орын алған. Бұл туралы Есіл аудандық ПБ кезекші бөліміне аудандық аурухананың фельдшері хабарлап айтқан. Оның сөзінше, 17 жастағы жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.
Анықталғандай, сол күні бір топ жасөспірім мектеп әкімшілігін хабардар етпей, жергілікті Қызылсу су қоймасына барған. Шомылу кезінде 2004 жылғы жасөспірім суға батып кетті.
«Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жасөспірім «өкпеге судың түсуі арқылы механикалық асфиксия» салдарынан көз жұмған», – деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.