Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Атбасар аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті көлік кәсіпорнының директорынан автобус паркінің жабық тұрағының өртенгені туралы арыз түсті. Шығын сомасы 3 миллион теңге көлемінде бағаланды.
«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 16 және 17 жастағы кәмелетке толмаған екі адамның терек мамығын тұтату нәтижесінде кәсіпорын қоршауының бір бөлігі өртенгенін анықтады. Қоршаудан шыққан өрт кейіннен автобус паркінің тұрағының төбесіне жайылды», — деді ведомстводан.
Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 204 бабы 2-ші бөлігі «бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.