«Сайыс жеңімпаздары марапатталды»

Орыс халқының ұлы ақыны Александр Пушкиннің туған күніне орай «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігі облыс орталығында балалар арасында «Пушкинді оқимыз» сайысын өткізді.

Сайысқа қатысуға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 40-тан астам оқушы өтініш білдіріп, ақын шығармаларынан үзінділер оқыған бейнежазбаларын жолдапты.

Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сайыс үш топта өткізіліп, жеңімпаздар анықталды, ал, әлеуметтік желіде ең көп лүпіл мен пікір жинаған қатысушы көрермен көзайымы атағына ие болды.

Сайыс жүлдегерлері Достық үйінің алаңында ұйымдастырушылардың атынан ақшалай сертификаттармен салтанатты жағдайда марапатталды. Қалған қатысушыларға тәтті сыйлықтар, орыс суретшілері туралы көркем кітаптар мен кеңсе тауарлары табысталды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар