Тәуелсіздік тойына тарту

Таяуда бауырлас қырғыз халқының әлемге әйгілі «Манас» жыры жерлес қаламгер Баянғали Әлімжановтың қазақ тіліне аударылуымен жеке жинақ болып жарық көрді.

Бірден айта кетелік, миллиондаған жол эпосты қазақшалау кезінде қырғыз жырының өзіндік ырғағы, қанық бояуы табиғи күйінде сақталған. Негізгі оқиға желісі, тыңдаған жанның жігерін жанитын қуатты рухы, көркемдік ерекшелігіне сызат түспей, бір демде оқылатын тартымды дүние болып шығыпты.

Ілкі заманда Тыныбек, Балық, Назар тәрізді ұлы манасшылардың мұрасы әлденеше том кітап болып жарық көрген. Қырғыздың ұлы манасшыларының санатындағы Саяқбай да жырлаған. Манасшыдан көлемді эпостың үш бөлігі – «Манас», «Семетей», «Сейтек» 1930 жылдан бастап 1947 жылға дейін ұзын-ырғасы 17 жыл бойы толық жазылып алынған. Көлемі 500553 жол. Шамамен алғанда 20-25 жинақ болып қалады. Қытайда күн кешкен қырғыз манасшысы Жүсіп Мамай өз нұсқасын 18 кітап етіп шығарған. Қаншалықты мол дүние десеңізші.

Қазақ оқырманына түсінікті болуы үшін айта кететін бір мәселе, Манасты айтқанда әр манасшы жырдың түп-негізін, ортақ желісін сақтай отырып өзінше айтатындығы. Түрленгенімен түпкі нұсқа бір.

Бүкіл адамзат баласы бағалаған мәнді мәдени мұраны қазақ оқырманына ұғынықты қылып айтып беру – заман қажеттілігі. Сол қажеттілік үшін «Манас. Семетей. Сейтек» деп аталатын аталы-балалы батырлар туралы ұлан-ғайыр жыр бір кітапта, бір мұқабаның ішінде алғаш рет жарияланып отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар