Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ақылды қаладағы» ауқымды іс - АРҚА АЖАРЫ

«Ақылды қаладағы» ауқымды іс

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы ел әлеуетін жаңа бір деңгейге көтеруге, өркениетті елдермен үзеңгілес дамуға серпін бергендігін айтуға тиістіміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған шаруа оңынан оңғарылып, Ақкөл еліміздегі тұңғыш «ақылды қала» атанды. Бүгінгі таңда ІТ саласы ерекше сұранысқа ие екендігі белгілі. Ақпараттық технологияны барынша жетілдіріп, сәт сайын алға бастырып жатқан қазіргі заманда осы саланы мықтап қолға алмасақ, өркениетті 30 елдің қатарына ену ертегі іспеттес болып қалар еді. Елбасының талабының арқасында өңірдің сандық жүйеге ауысуы оңынан оңғарылуда.

Облыстың елді мекендерінде 2019 жылдан бастап «Қазақтелеком» АҚ-ының талшықты-оптикалық байланыс желісі тартыла бастады. Екі жыл ішінде ондаған елді мекендердегі жүздеген мемлекеттік және бюджеттік мекемелер жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылды. Екі жүзге жуық елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісі жобасы жүзеге асырылмай тұрып, интернетпен қамтамасыз етілсе, бағдарлама қабылданғаннан кейін тағы да қырыққа таяу ауыл қамтылды.
Еліміздегі ең алғашқы «ақылды қала да» біздің өңірде пайда болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақкөл қаласына жұмыс сапарымен келген кезінде «Қазақтелекком» АҚ желілік магистралінің техникалық торабы Мәліметтерді өңдеу орталығының жұмысымен танысқан болатын. Аталмыш орталық шағын қаладағы барлық бейнебақылау, бақылау және есеп жүргізу, өртке қарсы қауіпсіздік тәрізді бірнеше жүйелерден келіп түсетін мәліметтерді мұқият жинақтап, «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына жолдайды.
Жоба жол және қоғамдық қауіпсіздікті, білім беру мекемелері мен әлеуметтік нысандарға бейнебақылау жүргізу, денсаулық сақтау саласының жұмысына мониторинг жасау, ғимараттар мен тұрғын үйлерді ең соңғы үлгідегі ақылды құралдармен жабдықтау арқылы қаланың қалыпты тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз етуге бағытталған. Елімізде ақпараттық технологиялардың тиімділігін егжей-тегжейлі зерттеп, жүзеге асыру Ақкөлден бастау алды деп айтуға әбден болады.
Жаңа жоба не берді, қандай тиімділігі бар деген сауалға жауап беріп көрелік. Алдымен, бар тыныс-тіршілік алақандағыдай айқын көрініп тұратын жерде талдау күшейді. Әншейінде, көше бойында орын алып жататын тұрмыстық сипаттағы қылмыс күрт азайды. Құқық қорғау саласының қызметкерлерінің айтуына қарағанда, қоғамдық тәртіпті бұзушылар жедел анықталады екен. Жеделдіктің арқасында құқық бұзушылық 50 пайызға азайған. Тұрғындардың білім деңгейі мен саяси белсенділігі арта түсті. Елді елең еткізген соны сипаттағы жақсылық ел ішіне тарамай, жалпақ жұрт одан үлгі алмай тұра алмайды ғой. Мердігер компания өкілдері алты мың үйді аралап, жылу мен электр энергиясын есептейтін құрылғыларды жаңалап берді. Сөйтіп, аз ғана уақыттың ішінде бір кезде көпшілік назар аудара бермейтін шағын қала коммуналдық қызметтердің барлық тұтынушысы толайым цифрланған еліміздегі ең алғашқы қала болып шыға келді.
Қала тұрғындары коммуналдық қызметке ақы төлеу, өздерінің көкейлерінде жүрген арыз-шағымдарды, әрқилы бұйымтайларды жергілікті басшылыққа жеткізу тәрізді жайлардың бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда жеңілдегеніне дән разы. Бұрын табандарынан таусылып, ұзын-сонар кезекке тұрып, басшылардың алдына мәселе қоятын мұндай сауалдар қазір мессенджер арқылы жүзеге асырылады. Қала көшелеріне жылы аялдамалар салынып, ұялы телефонды қуаттайтын құрылғылар орнатылған. Мұндай мүмкіндік көше тұрмақ, саябақтағы орындықтарда да бар. Тағы бір айта кетерлігі, қоғамдық мемлекеттік мекеме көліктеріне түгелдей GPS құрылғылары орнатылып, қозғалыстары бақылауға алынған.
–Бұрынғыдай балалардың күнделігін ақтарып, оқу үлгерімін тәптіштеп қарап отырмайсың, – дейді қала тұрғыны Айгүл Бектемісова, – қарапайым халық үшін өте қолайлы жағдай.
Барлық ақпарат бір орталыққа жинақталады. Қаладағы білім ошақтарында, аудандық ауруханада қолжетімді Wi-Fi жұмыс істеп тұр. Мектеп демекші, әлемді жаман тұмау жайлаған кезде мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері интернет желісінің жоқтығы немесе әлсіздігінен көп бейнет көргені мәлім. Облыстағы жалпы білім беретін мектептердің бәрі 100 пайыз жылдамдығы 4 Мбит/с болатын интернет желісіне қосылған. Енді бір сәт сапа туралы сөз сабақтайтын болсақ, екі жүзге жуық білім ошағында интернет жылдамдығының 8 Мбит/с-тен жоғары екендігін айта кетуге болады. Бұл білім ошақтарының алпыс-тан астамы спутниктік жабдық арқылы қамтамасыз етілген.
Жағдайдың жақсаруына талап пен жауапкершілік септігін тигізіп тұр. «Қазақтелеком» АҚ әр жыл сайын білім ошақтарындағы интернет жылдамдығын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Соңғы жылдары өңірдегі 90 білім ошағындағы интернет жылдамдығы
4 Мбит/с-тен 8 Мбит/с-ке дейін ұлғайды. Оның ішінде интернетке қолжетімді болуы-на мүмкіндік беретін спутниктік жабдық радиокөпірге ауыстырылды. Алдағы жоспар да біршама ауқымды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар