Жастар керуенінің тағылымы мол

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өңіріміздегі белсенді жастардан құралған делегация мүшелері «Тәуелсіз жастар керуені» жобасы аясында Түркістан қаласына барып, көне шаһардың мәдени-тарихи киелі жерлерін аралап қайтты.

– Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді дамыту мақсатында қолға алынған жоба асында біз қасиетті жерлерді аралап, тамашалау мүмкіндігіне ие болдық. Қатысушылардың әрқайсысы өздері үшін көптеген пайдалы ақпарат алып, өзге өңірдегі әріптестерімізбен танысып, өзара тәжірибе алмастық. Тарих тұнған Түркістан елінен мол тағылым алдық», – дейді делегация мүшесі, Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева.

Оның айтуынша, олар сапар барысында киелі орындарды аралап қана қоймай, танымы мол тағылымды кештер аясында өз өнерлерін де ортаға салды. «Жұлдызды кеш» деп аталатын таланттар жастар шеруі де ұйымдастырылған екен.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар