Әкелер одағының ауқымды іс-шарасы

Бүгін Халықаралық әкелер күнінде Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы «Ақмола облысы бойынша Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Instagram» әлеуметтік желісінде «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында тікелей эфир өткізді. Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтті, – деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесудің негізгі мақсаты жастарды мықты және тату отбасы құруға бағыттау, жастар арасында дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дәріптеу болып табылады.

Іс-шараға жастар ұйымдарының белсенділері, облыстың түрлі оқу орындарының студенттері, жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері қатысты.
Кездесудің спикері «Ақмола облысы бойынша Әкелер одағы» ҚБ төрағасы Ерлан Закирьянов болды.
Іс-шара барысында отбасы институтын нығайту, отбасындағы балаларды тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру және сақтау, отбасылық өмірдегі әкенің рөлі, балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері талқыланды.

«Отбасылық құндылықтар өзара сыйластыққа, өзара түсіністік пен сенімге негізделген. Балаларға ата-аналардың бір-біріне жылы қарым-қатынасын көрсету өте маңызды. Туғаннан бастап ата-аналардың сүйіспеншілігі мен қамқорлығымен қоршалған балалар бақытты және өзін-өзі қамтамасыз етеді. Олар өздерін қауіпсіз және сенімді сезінеді. Балалар біздің болашағымыз екенін, ересектер олар үшін жауапты екенін білу және ұмытпау керек», – деді Ерлан Закирьянов.
Кездесу соңында спикер жастар олардан көмек сұрап, неке одағына дайындықтың белгілі бір тренингінен өте алатынын, сондай-ақ оларды қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес ала алатынын атап өтті.

Айта кетейік, Ақмола облысында Әкелер одағы алты жыл бойы жұмыс істеп келеді. Әкелер одағы облыстың барлық аудандары мен қалаларында құрылып, жұмыс істеуде. 56 мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға белсенді қатысатын, ата-аналар, қамқоршылық кеңестерінің, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңестердің құрамына кіретін әкелер клубтары жұмыс істейді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар