Түрме қызметкерлері атбасарлықтарға тәттілер үлестірді

Қазақстан полициясы күні мерекесін Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/4 түзету мекемесінің қызметкерлері ерекше атап өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Атбасар қаласының орталық алаңында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеменің офицерлері қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарламаны ұйымдастырды және​ аудан орталығының алаңында жиналған балаларды балмұздақ, тәтті мақта және басқа да тәтті тағамдармен қуантты.

Балалардың​ қуанышында шек болмады – шын мәнінде​ погондардағы адамдар күлімсіреген және мейірімді адамдар екенін балаларға көрсетті. Қала тұрғындары қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, ризашылықтарын білдірді. Күннің салқын болғанына қарамастан тұрғындармен оларға  тәттілер үлестірген Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/4 түзету мекемесінің қызметкерлері мерекелік көңіл күйде болды.

Мерекелік акцияны ҚР Ұлттық Ұланы​ 5510 әскери бөлімінің​ ​ сарбаздары мен аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы қолдады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар