Жабай өзеніне балық аулауға барған 52 жастағы ер адам суға батып кетті

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғы жағдай ағымдағы жылғы маусымның 22-де Атбасар ауданындағы Жабай өзенінде орын алған. Бұл туралы кешкі сағат 18:48 құтқару қызметінің байланыс пультіне хабарланды.

Белгілі болғандай, 52 жастағы ер адам азаматтық некедегі жұбайымен Жабай өзеніне балық аулауға барған. Бір сәтте, ер адам суға түсіп, сүйіктісіне лала гүлін жұлып алып бермекші болған. Алайда, жағаға шығарда ер адам суға батып кеткен.

Іздестіру жұмыстарына Ақмола облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылып, бүгін таңертең ер адамның денесін судан алып шықты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар