Облыстық ПЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы маусымның 24-де Астрахан аудандық ПБ кезекшілік бөліміне аудандық аурухананың фельдшері хабарласып, ер адамның дене жарақатымен ауруханаға түскені айтты.
Анықталғандай, жергілікті ЖШС-нің 59 жастағы жұмысшысы ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу кезінде К-700 тракторынан құлап, «кеуде омыртқасының сынуы» диагнозбен ауруханаға жеткізілген.
Аталған факті бойынша тергеу бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 1-бөлігі «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу амалдары жүргізілуде.