Есіл қаласында 32 отбасы баспаналы болды

Есіл ауданы әкімдігінің мәліметінше, баспаналы болғандардың негізінен көп балалы отбасылар, жетім балалар, медицина қызметкерлері, білім беру саласының қызметкерлері және тұрғын үйлері апатты деп танылған тұрғындар, олардың көпшілігі ұзақ жыл пәтер кезегінде тұрғандар.

«Бізде бес бала бар, біз көп балалы отбасы ретінде кезекте тұрдық. Пәтер маған ұнады, үлкен дәліз, кең бөлмелер мен ас үй бар, мұның барлығы үлкен отбасылар үшін маңызды», – дейді көпбалалы ана Қарлығаш Әбдірахманова.

Ағымдағы жылы «Жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша кезекте тұрған 45 отбасы пәтер алды. Алда тағы бір 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар