Мен Елорда құрдасымын!

Ақмолалық жастар елорда күніне орайластырылған челлендждер легін бастап кетті. Ел астанасының құрдастары өздерінің жылы лебіздерін әлеуметтік желілерде арнайы белгіленген хэштегтермен жариялауларына болады.

Коронавирус пандемиясы ел тұрғындарының күнделікті өмір дағдысына бірқатар өзгертулер енгізгеніне бір жылдан астам уақыт болды. Індеттің таралу қауіптілігінің беті қайтпай отырғандықтан, көпшілік-мәдени іс-шараларды әдеттегідей дәстүрлі түрде өткізу тоқтатылды.

–Мұндай шектеу шаралары Елорда күнінде де және оның қарсаңында ұйымдастырылатын іс-шараларға да қатысты. Сондықтан, Ақмола облысында аталмыш мемлекеттік мерекеге арналған іс-шаралардың негізгі бөлігі әлеуметтік желілер мен блог-платформалардағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, онлайн-режимде өткізілетін болады, –дейді облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Осы іс-шаралардың ішінде «Мен – елорда құрдасымын»,
«Я – ровесник столицы» челленджі облыстық жастар-ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынып отыр. Ұйым өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында елорда құрдастарын аталған акцияға белсенді қатысып, оны қолдауға шақырған хабарландыруды жариялап та үлгерді.

–Челлендж кезінде елорданың құрдастары әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтарды астана күнімен бейнероликтер арқылы құттықтап, #Менелордақұрдасымын #Яровесникстолицы #Qazaqstan30 #Aqmola30kz хэштегтерін бірге қояды. Барлық бейнеқұттықтаулар орталықтың аккаунтына орналастырылады,–деді облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәнсия Есекеева.

Елорда күні қарсаңында облыс аумағында 1 мыңға жуық іс-шара өткізу жоспарланған. Осы іс-шаралар ішінде әлеуметтік нысандар да ашу көзделген және онлайн форматта түрлі акциялар, байқаулар, көрмелер, викториналар, челлендждер ұйымдастырылады.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар