2021 жылғы мамыр айы үшін Ақмола облысының инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы

Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және алтын валюта резервтері.

Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2021 жылғы мамырда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы желтоқсан айына қарағанда 103,4% құрады, 2020 жылдың осы кезеңінде – 103,1%, республикалық мағынада, тиісінше – 103,5% және 103,7% құрады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 1,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 3,3%-ға, азық-түлік тауарлары – 4,8%-ға қымбаттады.
2020 жылғы 21 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме жылғы 9,0% құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 3,6%-ға өсіп, 95,2 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 36,4 млрд. АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 58,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

Облыстағы қаржы нарығының жағдайы.

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 15 филиалы және «Қазпочта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.

Валюта нарығы.

2021 жылдың мамыр айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 427,66 теңгені, еуроға – 519,59 теңгені, ресей рубліне – 5,78 теңгені құрады.
2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Ақмола облысында 67 айырбастау пункті, оның ішінде: 55 – банк филиалдарының,
11 уәкілетті ұйымның 12 айырбастау пункті жұмыс істейді.
2021 жылғы мамыр айында облыстағы айырбастау пункттері
6,1 млн. АҚШ долларын, 0,6 млн. еуро және 370,3 млн. ресей рублін сатты. 2020 жылғы мамыр айында – 5,8 млн. АҚШ доллары, 0,6 млн. еуро және 439,1 млн. ресей рублі сатылды.

Депозит нарығы.

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 211,8 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға, өткен аймен салыстырғанда 1,7%-ға азайды.
Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 82,3% құрайды.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 8,10%, шетел валютасы бойынша – 0,79% болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 287,9 мың теңгені құрады.

Кредит нарығы.

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 267,4 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 15,1%-ға, өткен аймен салыстырғанда 2,2%-ға ұлғайды (2021 жылғы 1 мамырға – 261,7 млрд. теңге).
2021 жылғы мамыр айында облыс банктерімен сомасы
13,6 млрд. теңгеге кредит берілді, бұл көрсеткіш 2021 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 2 есе азайды.
2021 жылғы мамыр айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 14,07%-ды құрады.
2021 жылғы мамырда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 99,8% құрады.

Тұтынушылық кредиттер.

Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 95,2 млрд. теңгені құрады. 2021 жылғы мамыр айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің көлемі 2021 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 4,6% азайып, 9 430,0 млн. теңгені құрады.

Ипотекалық кредиттер.

Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 64,7 млрд. теңгені құрады. 2021 жылғы мамыр айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 3 645,8 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 24,0% немесе 1 152,6 млн. теңгеге азайды.

Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары.

Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2021 жылғы 1 маусымға 43,0 млрд. теңгені құрады. 2021 жылғы мамыр айында сомасы 3 762,0 млн. теңге кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 13,7%-ға төмендеді (2021 жылғы сәуірде – 4 359,2 млн. теңге берілді). 2021 жылғы мамырда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 11,1% құрады.

Төлем карточкалар нарығы.

2021 жылғы 1 маусым айына айналымдағы төлем карталарының саны жалпы облыс бойынша 1 320,0 мың бірлікті құрады (алдыңғы аймен салыстырғанда 1,4% -ға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,5% құрайды.

2021 жылғы мамыр айында төлем карточкаларын пайдалана отырып, жасалған транзакциялар көлемі 115 537,4 млн. теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 8,6%-ға өсті). Транзакциялар саны 8 154,8 мың транзакцияны құрап, 15,4%-ға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 16,8% өсіп, 7 329,8 мың транзакцияны құрады, сомасы 12,2% өсті (мөлшері 71 585,7 млн. теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 4,7%-ға дейін өсті (транзакциялар саны 825,0 транзакцияны құрады), сомасы 3,2%-ға өсті (мөлшері 43 951,7 мың теңгені құрады).
2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 8 131 POS-терминал, 410 банкомат, 4 230 кәсіпкер; 6 175 сауда нүктелері.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар