Астана күніне арналған көше акциясы өтті

Астана күні қарсаңында Көкшетауда еліміздің бас қаласының қалыптасуының тарихи фактілері туралы тұрғындар арасында сауалнама жүргізу бойынша көше акциясы өткізілді. Сауалнамаға100-ге жуық қала тұрғыны қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсесі тұрғындар арасында елорда өміріндегі маңызды тарихи және мәдени оқиғалар, көрікті жерлер, ескерткіштер мен ірі әлеуметтік нысандар туралы білімді насихаттау мақсатында сауалнама жүргізгенін атап өтті.
Сауалнама барысында қала тұрғындары мен қонақтары «Астана қашан құрылды?», «Елордада қандай көрнекті орындар бар?», «Астаналық хоккей клубы қалай аталады?», «Бәйтерек қашан салынды?» және басқа сұрақтар қойылды.

«Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы еліміздің Тәуелсіздігінің, ұлттық мақтаныштың символы болып табылады. Адамдардың жарқын армандары мен үміттерін бейнелейтін бұл бірегей қала Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамалары мен дана саясатының арқасында пайда болды. 23 жыл ішінде біздің Астанамыз гүлденіп, әлемдегі ең әдемі астаналардың біріне айналды. Барша қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтап, бейбітшілік, жақсылық және амандық тілеймін. Елордамыз жыл сайын көркейе берсін», – деді «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Ерлан Мұхамедияров.
Айта кетейік, аталған іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірде өткізілетін түрлі форматтағы іс-шаралар қатарын толықтырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар