Елорда туралы ән орындау челленджі басталды

Елорданың туған күнінде өңірде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған астана туралы музыкалық туындыны бір мезгілде орындау челленджі бастау алды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы атап өткендей, іс-шара мерекені, оның Қазақстан жетістіктерінің символы ретінде халық үшін тарихи-мәдени маңызын дәріптеу мақсатында өткізіледі.

«Первое утро столицы» әнін Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының жетекші вокалистері, аудандар мен қалалардың көркемөнерпаздар әртістері, Ақмола темір жол бөлімшесінің, «Forte Bank» бөлімшесінің, Халыққа қызмет көрсету орталығының, Мемлекеттік кірістер департаментінің, «Ақай» сән үйінің, «Гормолзавод» ЖШС және басқа да мекемелердің еңбек ұжымдары орындады.

«Нұр-Сұлтан қаласы – Тәуелсіздіктің, халқымыздың қайта түлеуі мен рухани өрлеуінің символы. Оның бейбітшіл рухында шығыс пен батыстың ғасырлық дәстүрлері тоғысып, Қазақстан тұрғындарының мәдениеті мен әдет-ғұрпының байлығы бір-бірімен ұштасады.
Барлық қазақстандықтарды осы тамаша мерекемен құттықтаймыз. Елордамыз гүлдене берсін, әр отбасының өмірі қуанышқа, амандыққа және ертеңгі күнге деген сенімділікке толы болсын», – дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, өңірде Елорданың туған күні қарсаңында 1000-ға жуық іс-шара өткізілді, оның ішінде әлеуметтік нысандардың ашылуы, онлайн-форматта түрлі акциялар, конкурстар, көрмелер, викториналар, челлендждер болып өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар