Жастар Қазақстанның Еңбек Ері Иван Сауэрмен кездесті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ Елорда күні қарсаңында Целиноград ауданының Родина ауылында «Родина» агрофирмасы» ЖШС директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Сауэрмен аудан жастарының кездесуі өтті.

Целиноград ауданының Родина ауылы және Иван Сауэр басқаратын «Родина» агрофирмасы» ЖШС-ын бүкіл республика біледі.
Бұл ауылда өмір сүру үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Жабық хоккей корты, спорт және ойын кешендері бар мәдениет және демалыс саябағы, кітапхана, сұлулық салоны, православие шіркеуі және басқа да инфрақұрылым салынды. Кәсіпорын қаражаты есебінен барлық әлеуметтік объектілер күтіп-ұсталады және жөнделеді.

Кездесу барысында Иван Сауэр кәсіпорын бойынша экскурсия өткізіп, балаларға өзінің өмірлік және кәсіби жолы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен танысуы туралы айтып, кеңестерімен бөлісті және нұсқаулар берді.

«Әрине, менің еңбек жолымның басында оңай болған жоқ. Бірақ, уақыт өте келе тілек пен табандылықтың арқасында бәрі жақсы болды. Табысқа жету үшін адал және тынымсыз жұмыс істеу керек, сонда сіз міндетті түрде жетістікке жетесіз», – деді танымал меценат қатысушыларға.
Айта кетейік, Родина ауылдық округінде бүгінде екі мыңға жуық адам тұрады, олардың жеті жүзі «Родина» агрофирмасы» ЖШС-інде еңбек етеді.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар