Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ел тірегі – Елбасы» қайырымдылық акциясы өтті - АРҚА АЖАРЫ

«Ел тірегі – Елбасы» қайырымдылық акциясы өтті

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» ауқымды акциясын өткізу жөнінде бастама көтерді. Елімізде халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік көмегін көрсету бойынша акцияның бірінші толқыны осы жылдың наурыз-сәуір айларында өтті.

Елорда күні қарсаңында, 1 шілдеден бастап Ақмола облысында, еліміздің басқа аймақтарындағыдай, қайырымдылық акциясының екінші толқыны басталды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Акция облыстың барлық аудандары мен қалаларында белсенді өтуде. Акция үйлестірушілері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлерімен, еріктілермен бірге аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға азық-түлік жиынтықтарын тасымалдайды.

«Халық» қайырымдылық қоры ұйымдастырған акция аясында Степногорск қаласы бойынша шартсыз ақшалай көмек алатын 38 аз қамтылған отбасы азық-түлік жиынтығын алды. Жинаққа ең қажет заттар кірді: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпиттер – әр отбасы үшін 50 келі өнім. Ұйымдастырушыларға осы акцияны өткізгені үшін алғыс айтқым келеді», – деді Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмат Тұқмағанбетов.

Айта кетейік, өңірдегі қайырымдылық акциясы барысында халықтың әлеуметтік осал топтарына 1000 азық-түлік жиынтығы беріледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар