Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғын үй құрылысына бөлінген жер телімдері дұрыс игерілмейді - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғын үй құрылысына бөлінген жер телімдері дұрыс игерілмейді

«Nur Otan» партиясы Ақмола өңірлік филиалында өткен партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің біріккен отырысында жер телімдерінің меншікке берілу мерзіміне қатысты даулы мәселелер қаралып, оны шешу жолдары талқыланды.

Жиналысты партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асқар Әміржанов ашып жүргізіп отырды. Алдымен, аталмыш партия мүшесі, Ақмола облыстық құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкіров өңірдегі жекеменшік тұрғын үй құрылысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау барысында Жол картасын жүзеге асыру шараларының орындалмау тәуекелдігі жөнінде есеп берді. Құрылыс басқармасы өңір бойынша инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға жауапты. Биыл партияның сайлау алды бағдарламасына сәйкес, 585 жер телімі қамтылуы тиіс. Ал, жалпы жоспарға сәйкес, өңірдің 1700-ге жуық жер теліміне инженерлік желі тартуға 4,1 миллиард теңге бөлінді. Желі толық тартылғанда, 203 мың шаршы метр тұрғын үй салынады деп жоспарланған.

–Бағдарлама аясында 2018-2020 жылдары 2,5 миллиард теңгенің 5 аудандағы 1610 жер учаскесімен қамтамасыз етілген еді. Оның 1447-сі азаматтарға үлестірілді. Тек 163-і берілмей қалған. Алайда, ең сорақысы – берілген жерлердің бірде-біреуіне әлі күнге дейін үй салынбады,–деді басқарма басшысы. Меншікке жерді алуын алғанымен, заң бойынша 3 жыл ішінде игеру құқығымыз бар деп азаматтар арқаны кеңге салып жүретін көрінеді. Ал, сол аралықта тартылып, дайын тұрған инженерлік желілердің пайдаға аспауы тағы сұралатын мәселе. Аудан әкімдері заң бойынша 3 жылға дейін меншік иесіне еш талап қоя алмайтындарын алға тартты.

Шортанды аумақтық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Ғайдар Қасеновтың айтуынша, 2021 жылдың 19 қаңтарындағы заңнамалық өзгеріске сәйкес, жергілікті атқарушы орган азаматқа жер телімін 3 жылдың ішінде игеруге беруі тиіс. Келісім-шартта солай болғандықтан, аудандық әкімдік жер иесінің конституциялық құқын бұза алмайтын көрінеді.

–Мәселе жекеменшіктегі жерде емес. Бағдарлама инвесторлар арқылы да қарастырылған ғой. Біз онда 3 жыл бойы игерілмейтін жерге ақша бөлмес едік қой. Басқа да жерлер бар. Нәтиже онда басқаша болар еді,–деді басқарма басшысы. Партияның сайлауалды бағдарламасына сай 5 жылда салынатын үйлер пайдалануға беріледі деп сендірді аудан әкімдері. Алайда, жүйедегі түйткілді мәселені шешу біздің құзіретімізде емес деп ашық айтты. Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков өз сөзінде биылғы жылы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының және көше жолдары жүйесінің құрылысы мен жөндеуіне 36,3 миллиард теңге қарастырылғанын айтты.

–Бөлінген қаржының аясында 230 жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Барлық жобалар бойынша мердігер ұйымды анықтаудың конкурстық үрдістері жарияланды. Облыстағы әртүрлі маңызы бар жолдардың және елді мекендердегі көше жолдары жүйесінің 742,3 шақырымы жөнделеді. Жұмыс бірнеше бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Мердігер ұйымдар Зеренді ауданына қарасты Алексеевка, Викторовка селоларындағы көше жолдары жүйесінің құрылысын сапасыз жүргізген.

Бұл жолдар биыл жөнге келтірілетін болады,–деді Виктор Кулаков. Бұдан кейін Зеренді мен Сандықтау аудандарында мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында жол инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыру бойынша партия мүшелері болып табылатын жергілікті мемлекеттік органдарындағы лауазымды тұлғалардың жұмысы жөнінде сын айтылды.

Отырыс барысында партия мүшесі, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова патриоттық тәрбие саласында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаржысының жалпы көлемінен 5 пайызын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет құру, әлеуметтік зерттеу және сауалнама жүргізу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау бойынша 2020-2025 жылдарғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл бағдарламасының Жол картасын орындау жөнінде есеп берді.

Сондай-ақ, басқарма басшысы бизнестің дамуы, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы, тұрғындардың құқықтық біліктілігі және азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімі туралы айтты.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар