Алдын ала дайындық жүргізілуде

Биылғы жылдың Ұлттық халық санағы қарсаңында Қазақстанның барлық елді мекендерінде дайындық кезеңі өтуде. Маусымның 1-нен 30-на дейін интервьюерлер (тіркеушілер), пәтерлер мен тұрғын және тұрғын емес жайлардың мекенжайларын нақтылау үшін әр елді мекенді аралап шықты, сонымен қатар, әрқайсындағы тұрақты мекендейтін тұрғындар санын анықтады.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін Ақмола облысы аумағында 2021 жылғы маусым айынан бастап санақ мәселелері бойынша 57 уәкілдер іске кірісті және санақ персоналының 250 адамы жұмысқа қабылданды. Нысанға барған кезінде интервьюерлер өзін таныстырады және аты-жөнін айтып, Интервьюер куәлігін ұсынады, келу мақсатын анық және қысқаша түсіндіріп, сол тұрғын жайда тұрақты мекендейтін тұрғындар санын анықтайды. Бірінші кезеңінде қалыптастырылған тізімдер санақ персоналына белгіленген жүктеме нормаларына сәйкес нұсқаулық және есептеу учаскелеріне қалалық және ауылдық елді мекендерді дұрыс және халық санын біркелкі бөлу үшін керек. Бұл санақ кезінде халық санын толық есепке алу үшін қажет.

Қазіргі уақытта айтарлықтай іс-шаралар өткізіліп, аяқталуға жақындады. 2021 жылғы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі Ұлттық халық санағының негізгі кезеңінде алынған нәтиже өткізілетін дайындық жұмыстардың сапасына тәуелді. Оған қыркүйектің 1-нен 15-не дейін https://sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында on-line режимінде қатысуға болады.

Бұл жүйеге тәулігінде 24 сағат қолжетімділік мүмкіндігі бар. Санаққа қатысу үшін респондент өзіне ыңғайлы уақыт таңдай алады, сонда сайтта бланкті толтыруды тоқтатып, кейін жалғастыруға болады. 2021 жылғы Ұлттық халық санағының өткізу кезеңінде «1446» бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді. «1446» нөмірі елдің барлық аумағында ұялы және тұрақты телефондар үшін бірлестірілген. Сонымен қатар, 8 8000 800 878 нөмірі де жұмыс істейді. Call-орталығына телефон шалу тегін.

Респондент 1446 нөмір арқылы call-орталығына жүгінгенде автоматты режимінде белгіленген сұрақтар өңірлердің және Бюроның орталық аппаратының тиісті нөмірлеріне бөлініп отырады. Одан басқа, респонденттер өтініштерімен немесе кеңес алу үшін Бюроның stat.gov.kz Интернет-ресурсына және Бюро басшысының блогына жүгіне алады, сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы (YouTube, Facebook, Instagram, Telegram). Сөз соңында Ақмола облысының тұрғындарын 2021 жылғы Ұлттық халық санағына қатысуға шақырамыз.

Ермек МУСИНА,
Ақмола облыстық статистика департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар