Ауылда жаңа балабақша ашылды

Облысымызда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Осы мақсатта жыл сайын аудандар мен қалаларда мектепке дейінгі ұйымдар салынуда. Қостомар ауылында да «Күншуақ» жеке меншік балабақшасы бүлдіршіндерге өз есігін айқара ашты.

Мектепке дейінгі мекеме 55 орынға есептелген, онда 3 топ жұмыс істейді, оның ішінде екі топ қазақ тілінде және бір топ орыс тілінде оқытылады.
Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушілердің әлеуметтік-коммуникативтік, танымдық, сөйлеу, көркем-эстетикалық, физикалық дамуы үшін барлық жағдай жасалған.
Жаңа балабақша заманауи талаптарға сай жабдықталған. Ғимаратта мәжіліс залы бар, барлық кабинеттер жаңа, жайлы жиһазбен жабдықталған. Сондай-ақ, балалар үшін домбырада оқыту үйірмесін ашу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда облыста 598 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 250 балабақша мен 348 шағын орталық жұмыс істейді. Биыл 730 орындық 8 мектепке дейінгі ұйым ашу және 321 орындық 10 мектепке дейінгі ұйымды кеңейту жоспарлануда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар